Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өзінің Жаңаөзен қаласына кезекті сапары барысында Қызылсай маңы Төңірекшың ойынан салу жоспарланған этноауыл жобасымен танысты.
Жобаның бастаушысы жаңаөзендік жеке кәсіпкер Балтабай Әділбаев:
- Елбасының «Рухани жаңғыру» жобасы аясында қолға алынып отырған этноауыл жобасының орналасқан жері – Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылы. Бұл жерді таңдаған себебіміз – жақын маңда Бейнеу – Жаңаөзен (Кендірлі) су құбыры, электр желісі, газ желісі бар, сонымен қатар "Қызылсай - Ата жолы" тас жолы өтіп жатыр. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді жаңғырта отырып, Маңғыстау өңірінде туризм саласын дамыту. Қазақ халқының әдет-ғұрыптырының ерекшелігі мен мәдениетінің бүкіл әсемдігін көрсету арқылы әр түрлі бағыттардағы туристік қызметтерді ұсыну. Жобаның жалпы құны – 60 млн теңге. Көлемі 6 гектар аумақты құрайды. Жоба іске асса 30 адамды жұмыспен қамтымақ ниеттеміз. Құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі 2018 жылдың мамыр айында, ал екінші кезеңі 2018 жылдың желтоқсан айында толықтай аяқталады деп жоспарлап отырмыз, - деді.
Тағы оқыңыздар: «Отпан» тарихи-мәдени кешенінің 10 жылдығы тойландыЕралы Тоғжанов кәсіпкерлік жоба бойынша бірқатар сұрақтарын қойып, этноауыл орналасатын жер аумағымен танысты. Егер жоба іске асатын болса, халықаралық туристік орталықтардың қатарынан белгілі орын алатын, алыс-жақын шетелдерден туристер тарта алатындай жағдайда болуы қажеттігін айтты.
Айжан НАСЫРОВА