©
Бұл туралы баспасөз жиынында МО Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұрат Мұқанов мәлімдеді.
Жыл басынан бері тіркелген көлік өртінің 80%-ы газбаллон қондырылған көліктерден шыққан. Бүгінде Маңғыстау облысы көлікке аралас отын түрін пайдалану бойынша республикада көш бастап тұр. Ресми деректерге сәйкес, қазіргі таңда Маңғыстауда 67 мың көлікке газбаллон (сұйытылған және сығымдалған газ) қондырылған және көлігіне газ құятындардың саны арта түсуде.
М. Мұқановтың айтуынша, автокөліктер көбінесе тоқ сымдарының қысқа тұйықталуынан өртенеді екен, биыл осы себеппен 66 көлікті өрт шалған. Бұл - автокөліктегі өрттің 85%-ы, ал көлік өртінің қалған 14%-ы әдейі жасалған, яғни 11 көлік қасақана өртелген. Жалпы өрт шалған көліктердің 73%-ы - жеңіл автокөліктер.
Тағы оқыңыздар: Маңғыстаулық жас теннисшілер 14 медальға ие болдыМамандар газбаллон орнатылған көліктің матор орналасқан бөлігін өрт қауіпті бөлігі деп санайды. Өйткені газ жабдықтарының сымдары мен түтіктері, сондай-ақ газ редукторы, электромагниттік газ-бензин клапандарының 90%-ына дерлігі көліктің капотында орналасқан. Газ көбінесе түтіктердің қосылысқан жерінен шығады, өрттің 70%-ы осы бөліктен басталады екен.
К. ОҢҒАЛТАЙ