• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 27 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Н.Жантөрин театрының директоры тағайындалды...

Түпқарағандық жігіт Венгрияда ұшқыш мамандығын меңгеріп жүр...

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

«Nur Оtan» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарының тізімі жа...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

  • USD: 421.98 ₸
  • EUR: 511.61 ₸
  • RUB: 5.61 ₸

Жастарға да бірдеңе дейміз-ау...

[ 2018 ] 3 тамыз, 09:59  |  Ашық қоғам

©

Өміріміздің жартысы автобустың үстінде өтіп жатыр. Күніне кем дегенде 2-3 мәрте мінеміз бұл көлікке. Қысылып-қымтырылып, кілең жүйкесі жұқарған жандардың бір-бірінің сөзін көтере алмай, қырқысып тұрғанына да еріксіз куә боласың. Кейде салғыласқандардың арасына түсіп, ақыл айтқансисың да, кейде «менің шаруам емес қой» деп, көріністі тамашалап, бей-жай тұра бересің. Осы екінші нұсқа дұрыс-ау, асылы. Ешкімнен сөз де естімейсің, біреу үшін аузыңды да ауыртпайсың. Және бір байқағаным, автобуста түрегеп тұрмай, отырған болсаң, қасыңдағы тұрып тұрғандардың проблемасында шаруаң болмайды екен.

Бірде автобустың ортаңғы тұсындағы жалғыз орындық бұйырып, терезеге қарап отырғанмын. Күндегі тынымсыз тірлікпен жүргенде ойлануға да мұрса жоқ қой, терең ойға шомып кетсем керек. Шешілуі тиіс мәселеде есеп жоқ, солардың қайсысын еске алып отырғанымды қайдам, әйтеуір басымнан жеңіл бір нәрсемен біреу қойып кеп қалғанда есімді жиып ала қойдым. Жалт етіп жоғары қарасам, жасы сексеннің о жақ-бұ жағындағы, басында шляпасы бар кісі. Бұрынырақ ішілген арақтың «свежий» емес иісі мүңк ете түсті. Бұл кісінің аты-жөнін білмегеніммен, жүзі жақсы таныс, редакцияға келіп жүретінін көретінмін. Мен орнымнан тұрғанымша «бұл орын мен құсаған кісілердікі, отырысын қарашы мұның ұялмай, түртпесең өздігінен орын беру деген жоқ бұларда» деп, бірталай сөз айтып тастады. Жақ ашпадым. Не дейін, өзімнің де жап-жас болып үлбіреп тұрғаным шамалы. Сонда да автобуста ары кетсе, 10-15 минут түрегеп тұрғаннан ештеңем кетпейді ғой. Оған шыдай алмайтын жағдайда емеспін. Айналамдағы орындықтарда құлақтарына тыңдауыштарын тығып алып отырған жастарға да телміріп қарайтын әдетім жоқ. Өйткені жасты жас дегенмен, бүгінде жастарда қайбір денсаулық бар? Біреуі ауру шығар, екіншісі ауыр жұмыстан шаршап келе жатқан болар. Ал кейбірі бөтен адам түгілі, үйіндегі ата-анасын сыйлай білсе де шүкір.

Сонымен, не керек, әлгі жүзі таныс ағайға орнымды босатып берген соң оның қолындағы мені басымнан ұрған затына қарасам, өзіміздің «Маңғыстау» газеті. Бір емес, екі-үш данасы бар-ау деймін, тығыз шиыршықталған екен. Көзіме оттай басылған өз газетімнен «таяқ жегенімді» білгенде күлкім де келді, мына ағайға ашуым да келді. Мені орнымнан тұрғызғаны үшін емес, әдепсіздігі үшін.

Жалпы, әр аға буынның өз заманындағы жас буынға көңілі толмайтыны бар. «Біз жас кезімізде мынадай едік, бүйтетін едік» деп отырамыз. Қазіргі жастардың үлкенді құрметтемейтіні, жанындағы адамдармен санаспастан ауыздарына не келсе соны айтып, былапыт сөздермен сөйлейтіні, кез келген қылмысқа оңай бара салатыны бүгінгі ересектердің басты әңгімелерінің арқауы болып тұр. Бұл рас та. Боғауызбен ауызданған жеткіншектердің істеп жатқан қылмыстарын интернеттегі жаңалықтардан көріп-естігеніңде тіл-аузың байланып қалады. «Не боп барады мына әлем?!» деп шулап жатады әлеуметтік желідегілер. Мына әлем не болмасын, егер балалар ата-аналарынан ұлттық тәрбие ала алмаса, рухани тұрғыдан аш болса? Рухы жоқ, діні жоқ, ділі жоқ, не қазақша, не орысша сөйлер тілі жоқ, бәрінің ортақ былапыт сөздері ғана бар ауыздарында. Ал жас өркен сол жамандықтарды қайдан үйреніп, бойларына қалай сіңіріп жатыр? Міне, осы сұрақ көпшілікті мазалайтыны. Сосын жамандықтың бәрін интернетке жаба саламыз. Жауапкершіліктен құтылудың ең оңай жолы бұл.

Осы автобустарда 9-10 жасар ұлы, не қызымен бірге отыратын аналарды көріп жүрген шығарсыздар. Жанына үлкен кісілер таяп келсе, баласының құлағына: «тұрма, сенен басқалар да бар тұратын болса» деп сыбырлап отыратын. Бір қарағанда, бұл ұсақ-түйек, әңгіме қылуға келмейтін жайт сияқты. Алайда, тәрбиенің көкесі, міне осыдан басталады. Қасында түрегеп тұрған кісі, денсаулығы көтерсе, бірнеше минут тұра тұрғаннан дымы кетпес. Бірақ, әлгі шешесінің қасында мелшиіп отырған баланың бойына кері тәрбие сіңіп барады. Қоғамдық орындарда осылай деген ана үйінде баласына «бетіңе ешкімді қаратпа, «ә» десе, «мә» деп, қарымтаңды қайтарып үйрен» деп, бетпақтыққа баулыса, өзінің де сөйтетіні. Ал бүгін бөтен үлкен кісіні сыйламаған бала, есейе келе ата-анасын сыйлаудан да қалып, әке-шешесінің бетінен тырнайтыны белгілі. Сонда да мұны өз тәрбиемнің жемісі демейміз-ау.

Әңгіменің басында мені отырған орнымнан ұрып тұрғызған ағайдың да қылығы жастарға үлгі. Әпербақандық. Немере түгілі, шөбере көрер жастағы қартымыз үстінен арақ иісі сасып тұрып, мұндай көргенсіздік жасаса, өрімдей ұл-қыздарымыз қайдан оңсын?!

Шыны керек, кейбір ата-әжелеріміз автобусқа мінер-мінбестен қолындағы таяғымен отырған жастарды ұрғылап, орнынан тұрғызып жататынын да көріп жүрміз. Отырған жастар көлікке мінген адамды көріп үлгермей жатып-ақ сөйтеді. Бұл не сонда? Жастарға өнеге ме? Иә, ертеректе үлкендердің жастарға міндетсіп сөйлеп, әкіреңдейтін мінезі болғаны рас. Бірақ ол кездегі жастардың көргені басқа еді. Ал санасы өзгерген бүгінгі жастарды олармен салыстыруға мүлдем болмайды. Тереңірек ойлап қарасақ, «жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» дегенді айтқан қазақ дарақы емес еді ғой.

Тағы бірде автобуста отыр едім. Жүргізушінің артында орналасқан, жолаушының беті кейін қарап отыратын орынға басына күмістей ақ шашын бастыра кіршіксіз ақ кепка киген, үстінде аппақ жейдесі, ақшыл шалбары, аяғында ақшыл туфлиі бар мұнтаздай киінген егде кісі отырды. Жасы жетпіс шамасында деп ойладым. Кондуктор жол ақысын сұрағанында әлгі қарт «менің билетім бар» деді. Кондуктор билетін көрсетуін өтініп еді, әлгі қартымыз өршеленіп шыға келді. «Көрсетпесем, қайтесің, сен маған не істей аласың, а?! Өй жаман қалпақ» деп ақырып жіберді. Кондуктор жігіт мұндайды күтпесе керек, «ағай, мен сізге артық сөз айттым ба? Билетіңізді көрсетуіңізді сұрадым ғой. Бұл менің жұмысым» деді. Әп-әдемі болып отырған қартымыз әп-сәтте жиіркенішті бейнеге еніп, одан ары ұрсысып, билетін көрсетер емес және аузына келген былапыт сөздерді «құса» берді шұбыртып. Менің қасымда отырған ақ жаулықты әже шыдай алмай, өзінің Алтын алқа иегері екенін, сол құжатты кондукторға көрсетуге міндетті екенін, ал құжатын үйде ұмыт қалдырса, жол ақысын төлейтінін айтып, замандасын райынан қайтармақшы болған. Сонда анау: «мен қатыннан ақыл сұрамаймын. Ты че, как собака, лаешь?» деп, орысша боғауыздың түрін айтып, әжені сөге бастады. 10 жыл бойы орыс мектебінде оқығанымен ана тілінде сөйлейтін әже де амалсыз орысшаға көшіп, екі қария орыс тілінде керісті. Керісті дегенмен, әженің артық сөзі болған жоқ, жастардың алдында дардай кісілердің бұл айқайы ерсі екенін ескертіп, замандасын тәртіпке шақырар сөздерді ғана айтты. Автобуста шу басталды. Шыдамы таусылған бір жас жігіт «мына шалдың тұмсығын бұзатын екен» деп қалды. Бұл жетпістегі қарттың естуі тиіс сөз бе еді? Өзіне болысатын жан табылмағасын ақ киімді қария жұрттың бәрін боқтаумен келесі аялдамадан түсіп қалды. Төленбеген жол ақысы жайына қалды.

Қараңызшы, сонда 50 теңгені төлемеудің сылтауын іздеген азамат өзінің абыройын төкті де кетті. Бірақ, менің түсінуімше, оған абыройдан айрылу дегеніңіз түк емес, тек 50 теңгені төлемесе болды. Ау, сол автобусқа мінген бойда кондукторға ақшасы жоғын айтса, ол мұны түсіріп тастамас еді ғой. Түсіргелі жатқанның өзінде бір қария үшін 50 теңге төлей салатын бір адам табылатын еді ғой. Ол болса, арсыз қылығымен бала-шағаға күлкі болды. Мұндай аталарын көріп өскен жастарға не деп өкпе артамыз? Ал бұлар үйдегі келін-баласына не деп өкпелейді? Мынадай жүріспен кімге қадірі болмақ?

Өкініштісі, көпті көрген қарияларымыздың келеңсіз істері тек автобуста ғана емес, той-жиындарда да, басқа да көпшілік жиналған жерлерде байқалып жатады. Реті келіп жатса, кейбіріне ескерту айтамыз. Бірі құлақ асады, бірі тәкаппарланып, өршеленіп кетеді. Олардың балалары, яғни, қазіргі жастардың ата-аналары да солардан көргенін істеп жүр, ал жеткіншектер олардың өнегесімен жетіледі. Сосын жастарға бірдеңе дейміз өзімізді жөндей алмай жүріп. Ұрпақ сабақтастығы осылайша жалғаса берсе, келешегіміз не болмақ?

Негізі, жас баланы қанша жерден тәрбиеле, ақылыңды айт, бәрібір ол естігенін емес, көргенін істейді. Сен үлкен-кішімен қандай қарым-қатынаста болсаң, ол да солай. Әрине, күндіз-түні бір тынбайтын интернеттегі түрлі жағдайлардың да әсері күшті. Бірақ ұрпақ тәрбиесінің іргетастын ата-ана қалайтыны жадтан шықпаса екен.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА Көрнекі сурет сайттың архивінен

556
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
ашық қоғам мәселе
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

"Рухани жаңғыруды" кім қалай түсінеді?

Келесі жаңалық

Маңғыстауда биыл 11 мемқызметші тәртіптік жауапқа тартылған

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Маңғыстауда биыл 11 мемқызметші тәртіптік жауапқа тартылған

    [ 2018 ] 18 тамыз, 08:49
    556

    Жастарға да бірдеңе дейміз-ау...

    [ 2018 ] 3 тамыз, 09:59
    557

    "Рухани жаңғыруды" кім қалай түсінеді?

    [ 2018 ] 10 мамыр, 07:37
    1085

    Ақтаудан АЭС-ті «аластаған» ағалар

    [ 2018 ] 27 сәуір, 10:19
    850

    Көбінесе газбаллон қондырылған көліктер өртенеді

    [ 2017 ] 11 қазан, 09:52
    697

    Шешімін таппаған салық мәселелері

    [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
    634

    Рубрикалар

      Қарақия Біле жүріңіз Редакция анонс Саясат Фото Жастар беті Қазақстан жаңалықтары Мәдениет EXPO - 2017 Жарнама Редакция туралы

    Автордың басқа да жазбалары

    Сауат ашу курсын аяқтаған қыз-келіншектер сынақтан өтті  

    [ 2019 ] 23 желтоқсан, 11:06
    931

    Жат ағым жетегінде болғандар сырымен бөлісті

    [ 2019 ] 23 желтоқсан, 09:17
    948

    МӘМС жайында не білеміз?

    [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30
    1292

    АИТВ-ның алдын алуға болады

    [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
    1263

    Маңғыстауда діни ахуалды жақсарта түсу жолдары талқыланды

    [ 2019 ] 13 желтоқсан, 11:54
    814

    Ақтаулық шешен жігіті марапатталды

    [ 2019 ] 12 желтоқсан, 12:05
    798

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»