Ақтау гарнизоны әскери сотында Мемлекет басшысының Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспары аясында ауқымды шара атқарылып жатыр.
Елбасының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламалық мақаласына сәйкес, өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, сот қызметін жақсартуға, сол арқылы оның беделін көтеруге, сөйтіп, халықтың сот қызметіне деген сенімін қалай да арттыруға назар аударылуда.
Болашақта әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылып, мәңгілік елге айналуды мақсат еткен қазақстандықтарды алға жетелейтін мақаланың ел дамуы үшін маңызы зор. «Құқық тәртібі мен заңдылық» бөлімінде Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, заңдарды қатаң орындау және құқық тәртібін нығайту басты ұстанымымыз болуы керектігі айтылып, заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында Азаматтық процестік кодекс пен «Жоғары Сот Кеңесі туралы» заң қабылданғандығы, сонымен қатар, «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық процесуалдық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге қажетті өзгерістер енгізілгені дәйектелді.
Жыл басынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» аясында мемлекеттің құқықтық жүйесін қалыптастыратын 19 нақты қадам қарастырылып, олардың 11 қадамы мемлекеттің сот жүйесін реформалауға бағытталған. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Тәуелсіз сот әділдігі мен қазақстандық құқық қорғау жүйесі тек азаматтардың құқықтары мен бас еркіндіктерінің іске асуына, заңдардың нақты орындалуына және құқық тәртібінің нығаюына бағытталуы тиіс. Бұл біздің еліміздің көздеген мақсаттарына, алға қойған армандарына жол ашпақ.
«100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарында көптеген маңызды мәселелер көтерілді. 16-қадамда азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, апелляциялық, кассациялық сот төрелігі жүйесіне көшу туралы нақты да анық айтылды. Елбасы бұл жөнінде: «Апелляциялық және кассациялық инстанциялар қалады. Бұл жерде көп іс қаралатын бірінші және апелляциялық инстанциялар соттарының рөлдері айтарлықтай күшейтілетін болады. Мұндай қадам соттық әуре-сарсаңның алдын алып, сот шешімін қабылдаудың мерзімін қысқартады. Сот залдары дыбыс және бейне жазба аппаратураларымен жасақталған және жазбаларды қандай да бір тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді. Бұл сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің шынайылығын қамтамасыз етеді», – деп нақтылағаны белгілі.
Ендігі жерде сот істері дыбыс-бейне жазба құралы арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламалық мақалада сот жүйесінің ашықтығына ерекше мән берілген. Атап айтқанда, 20-қадамда «Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу көзделген. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс» деп жазылған. Бұл қадам арқылы қарапайым халық сот процесінің әділ өтетіндігін байқайды. Сот саласына қатысты осындай түйткілді жаңартулар адам және оның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудік өздейді.
Сот билігіне деген жауапкершілік күн санап арта түсуде десек, сот жүйесіне қойылып отырған талаптардың да жүгі ауырлап келеді. Сот реформасының маңызды қыры – сот төрелігінің бес сатылы жүйеден үш сатылы жүйеге көшуімен байланысты.
Бұл судьяларды және сот мәжілісіне басқа да қатысушыларды тәртіпке шақырып, сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің нақтылығын қамтамасыз етеді.
Осылайша сот жүйесінің сатыларын оңтайландыру арқылы біз азаматтарымыздың әділдікке тез қолжеткізуіне мүмкіндік жасаймыз. Мұндағы мақсат – азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, сот сатыларын мейлінше азайту, сот төрелігіне қол жетімділікті арттыру, сот әділдігін орнату.
Қызылгүл ЕЛДАШБАЕВА, Ақтау гарнизоны әскери сотының
бас маманы