Талап арыз қанағаттандырылды
[ 2016 ] 25 мамыр, 09:40 | Жаңалықтар
Ақтау гарнизоны әскери сотында талапкер Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «2018 әскери бөлімі» РММ-нің жауапкер Н. 256.567 теңге мемлекетке келтірілген шығынды өндіру жөніндегі азаматтық істі қаралды.
Сотта анықталғандай жауапкер Н. келісім шарт бойынша әскери бөлімге қатардағы жауынгер болып қабылданып, ол әскери киім-кешектермен қамтылған, сонымен бірге оған жалақысы және тұрғын үй жалдауға ақшалай өтемақы төлеген. Алайда, әскери бөлім командирінің бұйрығымен Н. теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығарылған, жауапкерден мемлекетке келтірілген яғни берілген әскери киімдердің мерзімі өтпеуіне байланысты барлығы 256.567 теңге шығынды өндіруді сұраған.
Жауапкер талап арызға келтірген қарсылығында талапкердің талабын мойындап, 2018 әскери бөлімге келген шығынды сот шешімімен төлейтінін көрсеткен.
Сот шешімімен талапкер Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «2018 әскери бөлімі» жауапкер Н. 256.567 теңге мемлекетке келтірілген шығынды өндіру жөніндегі талабы қанағаттандырылды.
Гүлсім Матжанова
Ақтау гарнизоны әскери сотының бас маманы
921
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.