Кеше, яғни 24 мамырдан 25 мамырға қараған түні Маңғыстау облысының көп аймақтарында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауды. Найзағай ойнаған сәтте Каспий жағалауының тамаша көрінісін түсіріп алудың сәті туды. Еске сала кетейік, бүгін Соңғы қоңырау мерекесінде күндіз Ақтауда ауа-райы +25, +27 градус жылы, күн бұлтты болады, кешке жаңбыр жаууы ықтимал, ауа температурасы +21. +23 градусты көрсетеді (КАЗГИДРОМЕТ).
Кәдуiлгi табиғат құбылысы – найзағайдың тылсым қасиеттерi бар екенiн бағзылар бұрыннан бiлген. Ежелгi грек мифологиясында найзағай Құдайдың құдiреттi қамшысы ретiнде суреттеледi. Одан берi сан ғасыр өтiп, адам баласы найзағайды “бағындырып”, жайтартқыш жасап шығарғанына қарамастан, бұл құбылыстың ашылмаған құпиясы әлi де көп. Найзағайдан өлген адам саны да жылдан‑жылға артып келедi.
Жарқ‑жұрқ ойнаған найзағайдың адамды соғып кету ықтималдығы өте болмашы. Ол 2 миллионнан бiр жағдайда ғана адамға тиiп, жазым етуi мүмкiн. Ғылым әлi күнге дейiн керанография құбылысын түсiндiре алмай келедi. Бұл – найзағай адамды соққан кезде немесе оның жанына түскенде адам денесiне қоршаған айналаның фотографиялық суретi басылып қалатын құбылыс. Дереккөз: "Жас алаш" газеті Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="3708,3705,3704,3703,3699"]