Ағзасын ауыстырғандар сайысқа түсті
[ 2017 ] 23 қыркүйек, 19:38 | Жаңалықтар
Ақтауда трансплантациядан кейінгі адамдар және диализдегі емделушілерге арналған бірінші ашық спорттық ойындар өтті. Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Өмір тынысы» қоғамдық ұйымының ұйымдастырды. 22-24 қыркүйек күндері өткен ашық сайысқа Қазақстан мен Ресейден 8 команда қатысты. Олар спорттың бес түрінен: дартс, үстел теннисі, 50 метр тереңдікте жүзу, боулинг пен волейболдан сайысқа түсті.
Сайыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Содан соң облыс әкімі Ералы Тоғжанов жаттығу жасап жатқан спортшылармен тілдесіп, қатысушылармен бірге үстел теннисін ойнады. Осы күні өңір басшысы қатысушы топтың біріне көмек ретінде 1 миллион теңгелік сертификат табыстады.
Бірінші республикалық жарысқа қатысушылардың барлығы - ағзаларын ауыстырған жандар. Отаның барлығы дерлік елімізде жасалған. Бұл - Қазақстан медицинасының өркендеп келе жатқандығының айқын көрінісі. Жеңіске жеткендерге бүкіләлемдік жазғы трансплант ойындарына қатысуға жолдама берілді.
Камшат АЙБЕРГЕНҚЫЗЫ
Суретке түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="36835,36836,36834"]
817
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.