©
Ақтау көшелерінде жарықдиоды шамдар орнатыла бастады.
Қытайлық Huaming Guangdong Smartled және қазақстандық Source Energy компаниясы мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасындағы үш жақты ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Ақтау қаласындағы көше жарықтандыру желілерін ауыстыру жоспарланды.
Жоба жаңартылатын энергия көздері негізінде жұмыс істейтін жаңа LED модульдермен жүзеге аспақ.
Бүгінгі таңда пилоттық жоба аясында Ақтау қаласындағы 15 шағын ауданда 81 жарықдиодты шамдар ауыстырылды.
Қытай компаниясы Ақтау қаласындағы, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы көшелерді жарықтандыру мақсатында ұзақмерзімді инвестициялық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.
Мамандардың айтуынша, жарықдиодты шамдардың қызмет ету мерзімі ұзақ. Ұқыптап пайдаланып, тек түнгі уақыттарда ғана жағатын болса, 26 жылға дейін жұмыс істейді екен. Бұл шамдар өндіріс ошақтарын, теміржол жиектерін, жылыжайлар мен ірі қоймаларды және қала көшелерді жарықтандыруға арналған.
Инвестициялық жобаның аясында энергияны үнемдейтін жабдықтарды жеткізу, орнату және іске қосу жұмыстары ұйымдастырылады.
Тағы оқыңыздар: Ақтауда қала күні дүркіретіп тойланды (ФОТО)Жоба Ақтау қаласынан басталады. Мұнда натрий жарықтандыру шамдары қолданылып, олардың барлығы заманауи LED-ке ауыстырылады. Жаңа жабдықты пайдалану нәтижесінде қалалық бюджеттен 70% қаржы үнемделеді және қосымша шығынды талап етпейді. Инвестициялық қорларды қайтару ағымдағы бюджет шеңберінде электр энергиясын үнемдеуден түсетін болады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="36807,36808,36809,36810,36811,36812,36813,36814,36815,36816,36817,36819"]