23 қыркүйек күні Маңғыстауда «Каспий – достық теңізі» тақырыбында республикалық ақындар мүшайрасы өтті. «Caspian Youth Forum» халықаралық жастар форумы аясында өткен мүшайраға 18-35 жас аралығындағы ақындар қатысты. Мүшайрада белгілі ақын Қалқаман Сарин төрағалық етіп, маңғыстаулық жас ақындар Асылбек Жаңбырбай мен Жанар Айлашова қазылар алқасында болды.
Сайыс тәртібі бойынша, шығармалар Маңғыстау жері, Рухани жаңғыру, Каспий – достық теңізі аясындағы тақырыптарды қамтуы тиіс. Ал қатысушы осы тақырыптар төңірегінде бұған дейін жарияланбаған 2 өлеңі мен еркін тақырыпта 1 өлең ұсыну қажет болды. 50-ге жуық ақыннан 150-ге жақын өлең келіп түсті. Сайысқа қатысушылар ішінен 9 ақын іріктеліп, жүлдеге ілікті. Олар:
1-орын: Әли Тілеген (Маңғыстау). Жүлде: 500 000 теңге.
2-орын: Ажар Ерболған (Астана), Мерген Тоқсанбай (Көкшетау) Жүлде: 150 000 теңге.
3-орын: Жасұланбек Майлыбай (Астана), Ербол Алшынбай (Астана) Жүлде: 100 000 теңге.
Тағы оқыңыздар: Ақтауда ақындар айтысы өтті«Маңғыстауға тағзым» арнайы жүлдесі: Жандос Демесін (Маңғыстау). Жүлде: 75 000 теңге.
«Каспий Меруерті» арнайы жүлдесі: Айдана Сегізбаева (Шығыс Қазақстан облысы). Жүлде: 75 000 теңге.
Ынталандыру сыйлығы: Жанерке Ғинаятқызы (Орал), Аманжол Жаңай (Маңғыстаулық) Жүлде: 50 000 теңге.
Айгүл ДӘДЕН Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="36797,36798,36799,36800,36801,36803"]