©
Кеше, яғни 28 тамыз күні кешкі сағат 21:25-те 33-шағын аудан, 21-пәтерде оқыс оқиға орын алды.
Кешкі сағат 21:25 шамасында 2 жасар бала орындыққа мініп-түсіп ойнап жүрген кезінде құлап қалады. Орындық құлаған баланың желкесіне түседі. Сәби ауруханаға бара жатқан тұста, жедел-жәрдемде ауыр жарақаттан көз жұмды.
Мұндай жағдай көбіне ата-аналардың балаларға аса назар аудармағанынан туады. Сондықтан, ата-аналарға ескертеміз: "Балаларыңызға абай болыңыздар!"
Тағы оқыңыздар: Маңғыстауда темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылды