©
Дәл осындай ұранмен облыс орталығында салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орай «Денсаулық фестивалі» өтеді. 9 қыркүйекте өтетін айтулы шара еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын, ҚР ДСМ «Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды профилактикалау және алдын алу бойынша әлеуметтік жұмылдырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығын тиімді іске асыру шеңберінде республиканың барлық өңірлерінде ұйымдастырылмақ.
«Денсаулық фестивалі» сағат 9:00-де басталады. Салауатты өмір салтын ұстануға жұрттың, бұқара халықтың назарын аудару мақсатында алдымен «Жүру – зиян емес. Жүрмеу - зиян» ұранымен жаяу жүру марафоны өтеді. Оған мектепалды балалар, жалпы білім беретін мектепте оқитындар, орта және жоғары оқу орындарының студенттері, ұйымдасқан еңбекке қабілетті халық, ардагерлер, зейнеткерлер мен барлық белсенді өмірді ұстанатындар қатысады.
Тағы оқыңыздар: Маңғыстаулықтар үздік үштікте«Жаяу жүру марафоны» түрлі-түсті шарларды бір мезгілде жіберу арқылы «Менің денім сау болса – елім сау» ұранымен ұйымдасқан флешмобқа ұласады. Мұнан кейін шараға қатысушылар түрлі-түсті шарларды жібергеннен кейін ақ қағазға немесе ақ футболкаға #СӨСҰСТАНАМЫЗ# эштегін жазып, суретке түсіріп, әлеуметтік желіге салу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Біз СӨС-ті ұстанамыз» акциясын өткізеді.
Акция аяқталысымен спорттың бірнеше түрлерінен спортшылар мен әуесқойлар арасында «Салауатты рух» ұранымен спорттық жарыс ұйымдастырылмақ. Сондықтан да айтулы шараға белсенді түрде атсалысып, салауатты өмір салтын ұстануға атсалысайық!
Венера МИРЛАН