«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Жаңаөзен қаласында орналасқан мұнай сервистік қызмет көрсететін еншілес кәсіпорындардың тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шараларды атқаруда. Өткен жылдың соңында бұған дейін жеке дара жұмыс істеп келген «Жөндеу» және «КРУЗ» еншілес кәсіпорындарды біріктіру арқылы «ӨзенМұнайсервис» ЖШС құрылды. Серіктестік түрінде біріктірілген компания құру оны сатуға шығару немесе оны басқаларға берілуді білдірмейді, бұл шаралар алдағы уақытта компанияның шығынсыз деңгейге шығуына және компания қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың бір кезеңі болып табылады. Қаржылық көрсеткіштер бойынша соңғы 6 жылда «КРУЗ» және «Жөндеу» ЖШС шығынға батып келді. 2016 жылы біріктірілген шығын 600 млн. теңгеден асты. Сонымен қатар 2010-2015 жылдар аясында Серіктестіктердің жарғылық капиталын қайта толықтырулар жүргізілді, соның ішінде «Жөндеу» ЖШС-гі бойынша 7,5 млрд. теңге, «КРУЗ» ЖШС-гі бойынша шамамен 5 млрд. теңге. Осыған қарамастан, «ҚМГ» БӨ» жұмыс көлемімен қамтамасыз ету жолымен өндірістік тұрақтылықты ұстап тұруға барынша күш салуда. Сонымен қатар, қазіргі таңда «ӨзенМұнайСервис» ЖШС басқару тиімділігін арттыру, бәсекелестігін жақсартуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырылуда. Компанияларды біріктіруден кейін, қызметкерлердің саны, еңбекақылары мен әлеуметтік жағдайлары өзгеріссіз сақталып қалдырылды. Екі компанияны біріктіру ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарының өнімділігін және сапасын арттыруға мүмкіндік берді, сондай-ақ компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жаңа технологияларды өндіріске енгізуге жағдай жасайды. Жалпы, «Жөндеу» және «КРУЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-ға біріктіру еншілес компанияларды басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді, сонымен қатар біріктірілген компанияның ұнғыларды күрделі жөндеу жұмыстарының бәсекелесу қабілетін арттырды, сонымен қатар болашақта кәсіпорынның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Компанияларды біріктіру аясында жаңа жабдықтау базасының құрылысы қарастырылған, бұл база жұмысшылардың еңбек жағдайлары мен еңбек сапасын жақсартады, жұмысты орындау мерзімін ұлғайтады және ұңғыларды күрделі жөндеу мұнайсервисі саласында қызмет көрсету бойынша компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік ашады. Аталған базаның құрылыс жұмыстары 2017 жылдың IV тоқсанында бастау жоспарланған. Компанияның қызметін бұдан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шараларды анықтау мақсатында Даму стратегиясы әзірленді. Оның аясында 2017 жылдың ішінде күрделі салымдардың көлемін ұлғайту қарастырылып, 7 дана заманауи көтергіш қондырғы, аулау-фрезерлеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында жаңа механикалық роторлар, жөндеу жұмыстарының қауіпсіз жүргізу мақсатында жаңа технологиялық сорапты- компрессорлық құбырлар сатып алынады. Сонымен қатар, Даму стратегиясы аясында ресейлік және шетелдік өндірушілердің жаңа үздік т е х н о л о г и я л а р ы н өндіріске енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұңғымаларды күрделі жөндеу шеберлері мен инженерлік құрамға арналған модульдік оқыту жүргізіліп, халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды. Мұнай сервистік еншілес кәсіпорындармен бірлесе отырып, заманауи әдіспен дәнекерлеушілер дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары одан әрі жалғаса береді.
«Қазмұнайгаз» Барлау. Өндіру» АҚ баспасөз қызметі