©
Ақтау қаласының екі тұрғыны психотроптық заттарды жібергені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының төрағасы Азат Ізбасаров баяндады.
«Іс материалдары бойынша, Ақтаудың екі тұрғыны 28 жастағы К. мен 31 жастағы Ш. аса ірі көлемде МДМА (экстаз) психотроптық заттарды бірлесіп өткізуге келіседі. Осы мақсатта олардың біреуі Алматыға барып, екіншісі психотроптық заттарды алу үшін оның шотына 230 мың теңге аударған. Ол шоттан көрсетілген соманы алып, үстіне 85 мың теңге қосады және белгісіз біреуден есірткі сатып алады. Бұдан кейін ол есірткілерді электрондық планшеттің аккумулятор батареясының орнына салады. Кейіннен оны пошта арқылы Ш.-ға жіберген», - деді Азат Ізбасаров.
Тағы оқыңыздар: Маңғыстаулықтар үздік үштіктеОлардың екеуі де қолға түсті, өз кінәларын мойындады. Судья оларды ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі 1,3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша айыпты деп танып, жеке мүліктерін тәркілеп, 10 жылға бас бостандықтарынан айырды. Психотроптық заттарды алған белгісіз тұлғаға қатысты іс материалдары басқа өндіріске берілді.