Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында таэквондодан халықаралық турнир өтті. Халықаралық Таэквондо Федерациясы Президентінің Кубогына арналған сайыста 30 елден келген 500-ден астам спортшы бақ сынады.
Турнирде 2020 жылы Жапонияда өтетін XXXII Жазғы олимпиадаға жолдамалар да сарапқа салынды.
Халықаралық додада облысымыздың намысын қорғаған спортшылар қоржынға 4 жүлде салды.
Кадеттер мен жастар арасындағы сында Маңғыстау облыстық таэквондо мектебінің тәрбиеленушілері Жақсыбаева Фатима (68 кг), Расул Камила (63 кг), Абдуллаева Айдана (55 кг) күміс медальға ие болса, Аманжолова Равилья (45 кг) қола жүлдегер атанды.
Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.
Дереккөз: aktausport.kz