• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Гала концерт өтті

    [ 2017 ] 16 тамыз, 10:10  |  Жаңалықтар

    Төрткүл  әлем көз тіккен «ЭКСПО» халықаралық көрмесі Елорда төрінен орын тепкен еді. Халықаралық көрменің Орталық Азия аймағында алғаш рет өткізілуі еліміздің мәртебесін, аймақтық және халықаралық беделін биіктетті. Еңселі Елорда төрінде ғаламат шараны өткізу жөніндегі бастама да Елбасының ерен еңбегі екенін атап өткен жөн.

    «Біз ұлан ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деген Елбасы. Маңғыстаудың Астанадағы мәдениет күндері аясында ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында Маңғыстау өнерпаздары өнер көрсетті. Салтанатты шараны облыс әкімі Ералы Тоғжанов, қоғам қайраткерлері, беделді ел азаматтары, ақын-жазушылар тамашалады.

    Көне баба тағылымын, бағзы  дәуір дәстүрі мен кие тұнған өлкенің бай өнерін паш еткен сахналық қойылым  шат көңілді көрермен жүрегіне жол тартты. Қос етек көйлегі, оқалы қамзолы, дүрия бешпенті, құндыз бөркі мен асыл тасты сәукелесі жарасым тауып,  шолпысы сылдырлап, жүзі бал-бұл жанып, жайраң қаққан бойжеткендер жалт-жұлт етіп көз жауын алады. Ақ жаулық салған  аналар, кимешек киген апалар, көнекөз  кәріқұлақ қариялар, кемеңгер, аузы дуалы ақсақалдар бейбіт, мамыражай тірлікке береке тілеседі. Тұла бойы өнер тұнған, өресі биік, жігері жалын бозбалалар ептілігі мен күш қайратын сынға салады.  Қаз қатар тізілген ақшаңқан үйлер  сахна ажарын аша түседі. Бойжеткен бозбалалар, қыз-келіншектер  самалы жұпар жазғы кешті әуезді ән, күмбір күйге бөлейді. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып көрініс тапқан тәрбиелік мәні зор сахналық қойылым жыр-шашумен жалғасын табады.

    Үш жүз алпыс екі әулиелі Маңғыстау мен Үстірттің киелі топырағы, ықылым заманнан желісі үзілмеген батырлық дастандар мен аңыз күйлер, жеті қайқы мен бес жүйріктің әуездері - рухани мәдениетіміздің бір парасы, халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас бөлшегі. Халықтың көкейтесті ой-арманы, шер-мұңы тұнған дәстүрлі әндер - бағзы дәуірдің көне мұрасындай асыл қазына. Мақамы мәшһүр Маңғыстау саздары - ұлт болмысын бедерлейтін тарихи жәдігер. Маңғыстау халық әндері мен домбыра көмейінен төгілген күмбір күй көкке әуелеп, көрме кеңістігін  ерекше әсерге бөледі.

    Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар және симфониялық оркестрі Сыдық Мұхаммеджановтың   «Шаттық отаны», Антонин Дворжактың «Славян биін», «Адай» күйін орындап тыңдарман құлағының құрышын қандырды. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова,  ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақмарал Ерімбетова,  Нұрым Асқанов, Алпысбек Оңайбайұлы, Сәбит Шектібаев сынды маңғыстаулық өнер қырандары халық әндерін орындап, «ЭКСПО» аумағына жиылған жұртты тәнті етті. Маңғыстау   ежелден қазақылық қаймағы бұзылмаған, береке бірлігі жарасым тапқан өлке. Тау-тасы, ой-қыры, сай-саласы көне тарих сырын бүккен. Ән-сазы, жыр-дастаны да мақамы ерек, бедері  бөлек. Салтанатты кешке куә болған көрермен осы ерекшелікке  көз жеткізгендей еді.  Кеш барысында классика жанрының жарық жұлдыздары өнер көрсетіп, әуезді әсем әнін шырқады.

    Абыл Тарақұлы атындағы оркестрдің сүйемелдеуімен Шаһаризада Сапарова Франц Легардың «Джудитта» ариясын орындаса, Асан Нұрбергенов Луиджи Денцаның «Фуникулия» ариясын шырқады. Әлемдік классиканың үздік туындылары тыңдарман көңілін тербеп, ерекше әсер сыйлады. Тал шыбықтай бұралып, әуезді әуенге тербелген бишілер тобы да жоғары деңгейде өнер көрсетті. Халықаралық және республикалық сайыстардың сан мәрте жеңімпазы, есімі елге етене танымал «Жорға» би ансамбілі Дәулеткерей Шығайұлының «Көроғлы» шығармасына қойылған «Дала сазы» биін орындады.    Саз әуеніне ырғала тербелген мың бұралған бишілер көл-көсір қошеметке ие болды.

    Салтанатты шарада өнер биігіне самғап, қазақ эстрадасының жарық жұлдызынa айналған Ұлықпан Жолдасов, Тамара Асар, Жоламан Көшкінов Кәмшат Жолдыбаева, Ғалымжан Жолдасбай сынды танымал әншілер қауымы өнер көрсетті.  Гала концертте бүлдіршіндердің өнер ұжымдары да қалыс қалмай, өз өнерлерін ортаға салды. Луиза Нұрқуатова мен «Ертегілер» вокалды тобы «Жаңа күн» әнін шырқап, әсем би биледі.

    Астана болашағы жарқын, келешегі кемел, татулықтың тал бесігінде тербелген қала. Еліміздің жүрегі, елдігіміздің нышаны, бейбіт өмірдің бәйтерегі.  Елорда төріндегі Маңғыстау мәдениет күндеріне орай ұйымдастырылған салтанатты шара барлық әртістердің орындауындағы «Астана» әнімен өз мәресіне жетті.

    Тамара Асар, эстрада жұлдызы:

    «ЭКСПО» халықаралық көрмесі басталғалы бірнеше концертте өнер көрсеттім. Десекте, бүгінгі шара мен үшін өте ерекше. Туған жерім, туған елім Маңғыстауым үшін жанымызды шүберекке түйіп, бар дайындығымызбен келдік.  Арнайы жаңа костюмдер, жаңа әндер дайындадым. Облыс әкімінің ұсынысымен «Экспоға кел!» жаңа әні дүниеге келіп, бүгін тұсауы кесілді. Әннің сөзі де, әуені де мың ойланып, жүз толғанып, бірнеше мәрте көркемдік кеңес талқысынан өтіп, дайындалды. Маңғыстау жерінде бейнебаяны түсірілді. Әр түрлі халық өкілдері емін еркін, жайбарақат, ЭКСПО аумағын аралап жүр. Бұл бейбітшіліктің, татулықтың белгісі. Ұзағынан болғай!»

    Ұлықпан Жолдасов, эстрада жұлдызы:

    «Маңғыстау өңірі өнерге бай. Өнерге кенде емеспіз. Қазақы дәстүрлерді ұстанып, күні бүгінге дейін желісін үзбей, сақтап келе жатыр. Осы қасиетімізбен мақтанамын. Бүгін оркестрлер, ақын жыраулар, эстрада жұлдыздары өнер көрсетуде. Сахналық қойылымдар  өте керемет өтуде. Жоғары технологиялы лед экрандар арқылы табиғи көріністер тамаша көрінеді»

    Асқар Көшеров, эстрада жұлдызы:

    «Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрі,  «Ақжарма» фольклорлық ансамбілі, Кіші симфониялық оркестр және тағы өзгелері  өнерін ортаға салды. Сонымен қоса, Маңғыстау облысының барлық аудандарынан өнер ұжымдары келіп, өнер көрсетуде»

    Майра Бақтықұлова, Астана қаласының тұрғыны:

    «Бүгінгі концерт маған ерекше ұнады. Тек Астана тұрғындары ғана емес, қала қонақтары, шетел азаматтары тамашалап, ерекше әсерге бөлінді.  Сахналық қойылымдар, ұлттық салт дәстүр бейнеленген көріністер, қазақы  ою өрнек, ұлттық нақышты киімдер бірі-бірімен жарасым тауып тұр»

    Голрох Жеменей

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="32806,32807,32805,32809,32810,32808,32812,32813,32814"]
    1799
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар мәдениет маңғыстау жаңалықтары анонс EXPO - 2017
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Рухына құран бағыштады

    Келесі жаңалық

    «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері арасында спартакиада өтті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      4903

      Этноауылда той-думан (ФОТО)

      [ 2017 ] 17 тамыз, 10:32
      3092

      Гала концерт өтті

      [ 2017 ] 16 тамыз, 10:10
      1800

      Маңғыстаулық 500 әртіс ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындалуда

      [ 2017 ] 23 қаңтар, 13:10
      1200

      Астанадан абыроймен оралды (ФОТО)

      [ 2017 ] 22 тамыз, 12:22
      1644

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4536

      Рубрикалар

        СұхбатАшық қоғамРухани жаңғыруБайланыс мәліметтеріЖастар бетіАНТИКОРСпорт

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3009

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2757

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2593

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3080

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2877

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2812

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»