Ақтауда көп балалы отбасылардың балалары мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған қайырымдылық акция өтті.
«Біз адамбыз – біз біргеміз» қоғамдық қорының бастамасымен, бірқатар жеке кәсіпкерлер, кәсіпорындардың қолдауымен «Мектепке жол» акциясының аясында 80 балаға мектепке арналған құрал-жабдықтар мен портфельдер сыйға тартылды. Қор директоры И. Досмұхамбетовтың айтуынша, қор бұл акцияны биыл бесінші рет ұйымдастырып отыр.
«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының шеңберінде ұйымдастырылған шара оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауды, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді көздейді.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ