Үстіміздегі жылдың 4-5 тамызында облысымызда 26 ауылдық округі мен мен ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдары әкімдерінің сайлауы өтті. Өңірлік коммуникация қызметінде журналистермен өткен кездесуде облыстық сайлау комиссия төрағасы Есен Күмісқали осы жайында әңгімеледі.
БАҚ құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берген облыстық сайлау комиссиясының төрағасы алдымен ауыл әкімдерін сайлаудың өту тәртібі жайында сөз етті.
-2013 жылы селолық әкімдердің сайлауы туралы заңға байланысты ереже бекітілген болатын. Сол кезде біздің облыс бойынша 46 ауылдық округтің сайлауы өтті.Сонда сайланған әкімдер 4 жылдан кейін қайта сайлануы керек. Осы уақытқа жетпей басқа жаққа көшіп, жұмысын ауыстырып кеткендер немесе орнынан түсіп қалғандар бар, солардың орнына да сайлау өткізіліп, қайтадан 4 жылға сайланады. 2014, 2015, 2016 жылғы және биылғысы бар 46 ауылдық округтың 20-сының әкімдері қайтадан 4 жылға сайланды. Ешқайда ауыспай, 2013 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан 26 округтың әкімдерін мерзімі біткеннен кейін күні кеше, 4-5 тамызда сайлауын өткіздік. Ол үшін орталық сайлау комиссиясының арнайы қаулысы шықты. Ауыл әкімдерін тек ғана аудандық, қалалық – мәслихаттардың депутаттары сайлайды. Заңға байланысты қоғамдық ұйымдар, жұртшылық өкілдерінің ұсынысын ескере отырып, үміткерлерді аудан, қала әкімдері ұсынады, - деді Есен Күмісқали.
Үстіміздегі жылдың 4-5 тамызында өткен 26 ауылдық округтері мен ауылдық округтердің құрамына кірмейтін ауылдары әкімдерінің сайлауында 66 адам ұсынылған. Сайлауға 53 үміткер қатысты. 11 үміткер арызы бойынша сайлаудан бас тартса, 2-еуі құжаттарының заң талаптарына сәйкес болмауына байланысты тіркеуден өтпей қалды. Сайланған әкімдердің 25-сі ер адам болса, 1-еуі әйел адам. Орташа жасы-47 жас, бәрінің де ұлты – қазақ. Жас жағынан алғанда төменгідей; 30 жасқа дейінгілер-1, 45 жасқа дейінгілер-9, 45-60 жасқа дейінгілер-14, 60-63 жасқа дейінгілер-2 адам. Сайланған ауыл әкімдерінің барлығы жоғары білімді. Мамандығы жағынан; инженерлер-5, экономистер мен қаржыгерлер-5, заңгерлер-1, мұғалімдер-9.
-Маңғыстау облысында ауылдық ауылдық округтері мен ауылдық округтың құрамына кірмейтін ауылдары әкімдерінің сайлауы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Респбликасының Конституциялық заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтың құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату» қағидаларының барлық талаптарына сәйкес жүргізілді, - деді брифингті қорытындылаған облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқали.
Болат ҮМБЕТОВ