Жуырда Маңғыстау облыстық санаторлық мектеп-интернатының акт залында «Екі жұлдыз» байқауы өтіп, оған мектеп-интернаттың қызметкерлері, оқушылар және ата-аналар қауымы қатысты.
Байқауға А.Сәуірбайқызы, Д.Сүлейменова, А.Али сынды тәжрибелі мұғалімдер әділқазылық жасады. Байқаудың мақсаты-оқушыларға эстетикалық тәрбие беруді арттыру, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ бірлікке, ұйымдастырушылыққа, патриоттыққа, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу болып табылды.
Әнді сүйсең менше сүй,
Сұңқылдаған көмейі
Сыбызғының үніндей
Қалықтатып созғаны
Сарыарқаның беліндей.
Барша «Мирас» қауымын
Әнімен залға сыйғызған!,-деген әнмен салтанатты байқаудың шымылдығын ашып берген жүргізуші «Екі жұлдыз» байқауына қатысушы жұптар - мұғалімдер мен оқушыларды ортаға шақырды. Қазақ халқының сүйіп тыңдайтын «Әнім сен едің», «Аппақ гүлдер», «Қыдырып қайтайық», «Қара жорға», «Ақбұлақ», «Ана-әке», «Аспанға қараймын», «Армандастар», «Әдемі қыз», «Қайда», «Екі жұлдыз» атты әндерін орындаған Д.Ғизатова мен Ж.Адильбаева, Т.Жұмабаева мен А.Әжібай, Нұржан мен Жасұлан, А.Қосбаева мен Б. Төребаев, З.Таңжарова мен С.Жасұлан, Б.Қадіршеева мен М.Қоңыр, Г.Қоныбаева мен Қ.Амангелдиева, Т.Абишева мен А.Рустамова, Р.Ақлас пен Н.Әжібай, М.Әкім мен І.Ізмұхамбет өз өнерлерін ортаға салып, ән десе ішкен асын жерге қоятын көрермендерді бір желпінтіп тастады. Байқау соңында әділқазылардың ортақ шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған арнаулы сыйлықтарға ие болды. Көңілді өткен байқау кешінің шымылдығын мың бұрала билеген «Қызғалдақ» би тобы жапты.
Майра ТӨЛЕУОВА, «Қарақия» газеті