02.05.2016 жылғы түнгі сағат 02.36 шамасында Құрық селосы Автобаза көшесіндегі тұрғын үй ауласының сыртында, Құрық ауылы Барлаушы Массив көшесінің тұрғыны 01.07.1994 жылы туылған С. Н. отты қарудан жаралану жағдайымен Маңғыстау облыстық ауруханасына жіберілді.
Жәбірленуші С. Н. жанұялы, әйелі мен бір баласы бар, «ЕрСай Каспиан Контрактор» ЖШС-інде жүргізуші болып жұмыс жасаған.
Оқиға болған жерде атыс орын алып, соның нәтижесінде С. Н. аңшылық мылтық бытырасынан ауыр жарақат алады. Осы дерек бойынша М. деген Құрық ауылының тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамауға алынды. Қазіргі уақытта криминалдық, баллистикалық және медициналық сараптама жүргізілуде.
Қарақия АІІБ қызметкерлері және Маңғыстау облыстық ІІД-і ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінің жедел қызметі арқасында М. деген азаматтан12-лік ұңғылы аңшы мылтығы мен 12 дайын оқ-дәрітәркілінді.
Қылмысты одан әрі тергеу жұмыстары жалғасуда.
Эльмира Кошманова