Мамандығым - бақытым
[ 2016 ] 19 мамыр, 11:16 | Жаңалықтар
ЖЫЛ САЙЫН МАМЫР АЙЫНЫҢ 12-CІНДЕ МЕДБИКЕЛЕР КҮНІН АТАП ӨТЕМІЗ. БҰЛ КӘСІБИ МЕРЕКЕ МЕН ҮШІН ЕРЕКШЕ МЕЙРАМ. ӨЙТКЕНІ БҰЛ МАМАНДЫҒЫМДЫ ӨЗІМНІҢ ЖҮРЕК ҚАЛАУЫМЕН ТАҢДАДЫМ.
Мен осы денсаулық сақтау саласында жиырма жылдан бері еңбек етіп келемін. 1959 жылдың 18 тамызы күні Оңтүстік Қазақстан облысының, Жетісай ауданының «Ленин» атындағы кеңшарында дүниеге келдім. Өзім көп балалы қарапайым отбасынан шықтым. Жетісай орта мектебін бітірген соң, 1977 жылы Алматы медучилищесіне түстім. 1979 жылы оқуымды бітіріп, Шымкент орталық емханасында тері аурулар емдейтін мейірбике болып жұмысқа тұрдым. «Бас екеу болмай, мал екеу болмас» деп, 1980 жылы өмірлік серігім Е. Бекжановпен тұрмыс құрдым. Көп ұзамай Құрық ауылына қоныс аудардық. Содан бері аудандық емханада тері ауруларын емдейтін бөлімде мейірбике болып жұмыс жасап келемін.
Бүгінде бес бала тәрбиелеп отырған анамын. Қасымдағы жолдасым Есбаймен бақытты ғұмыр кешудеміз!
Райхан АБДУЛЛАҚЫЗЫ,
Орталық аудандық ауруханасының мейірбикесі
1075
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.