14 мамыр күні «Каспий» спорт кешенінде Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қала тұрғындары спорттың 5 түрінен президенттік тест тапсырды.
Жалпы, тұрғындардың дене даярлығы бойынша Президенттік тест нормативтерін қабылдау ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда шығарған қаулысы негізінде жүзеге асырылып келеді. Аталған шараға 40 жуық команда 300-ге жуық қала жастары мен тұрғындары қатысты.
Қатысушылар ұзындыққа секіру, жүгіру, жүзу сияқты нормативтерді орындады.
Президенттік тестілеуді қорытындысы бойынша Сәрсенбай Нысанов, Есен Кирбаев, Наталья Павлова және Мария Семенова есімді қала тұрғындары сынақтардан сүрінбей өтіп нормативтерді жүз пайызға орындады. Командалық есеп бойынша І орынды «МАЭК-Казатомпром» мекемесінің командасы иемденсе, ІІ орын «10 мектеп» ұжымына бұйырды және ІІІ орын «Туризм» колледжінің құрама командасы иеленді.
Жеңімпаздар арнайы төс белгілермен және сертификаттармен марапатталды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз әкімдігі Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН