©
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қаладағы бірнеше жанармай бекеттерін аралап, ондағы жағдайды бақылап шықты.
Газ алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрған халық осы мәселені айтып бұған дейін бірнеше рет шағымданғаны белгілі. Кезек әлі де азаяр емес. Көлігіне газ құйып, сапарын жалғастырар сәтті сарыла күткен тұрғындар арызын кімге айтарын білмей дал. Сондықтан бүгін аймақ басшысы бекеттерге жоспардан тыс келіп, басшыларымен тілдесті. Осы уақытқа дейін мәселенің неге шешілмей келе жатқанын, кезектің неліктен азаймай отырғандығын сұрады.
Оған «Қазмұнайгазөнімдері» ЖШС облыстық филиалының директоры Әлібек Кетебаев былай деп жауап берді:
https://www.youtube.com/watch?v=-UusfOmfNmcТексеру кезінде облыс әкімі қала басшысы Серікбай Трұмовқа ескерту, қала әкімінің орынбасары Тілек Қошмағамбетовке сөгіс берді.
Бүгінде аймақтағы газ бағасы – 40 теңге. Өңір басшысы мұның республика бойынша ең арзан көрсеткіш екенін атап өтті. Ал кейбір жеке меншік жанармай бекеттерінен тұрғындар 45 теңгеге сатып алып жүр.
Үш күннен бері жанармай бекеттерін аралап жүрген Ералы Тоғжанов бүгін түске дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қарасты газ бекеттерінің және «Әли», «Пегас», «Айкел» секілді бірнеше жеке меншік бекеттердің жұмысын бақылады. Олардың газды қайдан, қанша көлемде сатып алатынын және күніне тұтынушыларға ұсынылатын газ мөлшерін сұрады.
[embed]https://youtu.be/A-0BWShNs38[/embed]-«ҚазМұнайГаз» өнімдеріндегі газдың біразын қазір жеке меншік мекемелерге бөлуге шешім шығардық. Неге десеңіз кейбір жеке меншік бекеттердің сатқан газдарының деңгейі жеткіліксіз деп ойлаймыз. Сондықтан қазір 1000 тонна газды соларға бөлуге шешім қабылдадық. Ал олар қанша көлемде газ алды, қанша мөлшерде сатты - осының барлығы тексеріледі. Алған көлеміне байланысты мемлекет бюджетіне қаржы түсуі керек. Егер ол газды алған көлемдегі сандармен сәйкес келетін болса, біз ешқандай жанармай бекетіне шағымданбаймыз. Ал сәйкес келмесе, оларға үлкен сұрақ болады. Ондай бекеттер жайлы бізде ақпарат бар. Газды алып, бірақ басқа жерден сатып жатқан бекеттерді де білеміз. Оған байланысты нақты тапсырмалар берілді, - деді облыс әкімі.
Бақылау барысында облыс басшысы жауапты қызметкерлерге ескерту беріп, бұл мәселені тез арада шешуді тапсырды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="31793,31783,31784,31791,31794,31796,31795,31797,31798,31799"]