• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 25 Шілде 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Күйеуі пышақтаған әйел жүктіліктің оныншы аптасында болған...

Маңғыстауда «AMANAT» партиясы төрағасының орынбасары тағайындалды...

Маңғыстауда жаңа су құбырының құрылысы басталды...

Ақтауда «Жаныңда жүр жақсы адам» байқауының жеңімпаздары анықталды...

Футболдан Англия құрамасы Еуро-2024 финалына шықты...

  • USD: 474.09 ₸
  • EUR: 514.01 ₸
  • RUB: 5.48 ₸

Көзіміз көрген Украина

[ 2017 ] 19 шілде, 12:29  |  Жаңалықтар

Әу баста сол елге бармақ ниетімді білгенде: «Өзіміздің Сарыағаш пен Жаңақорған, тіпті болмаса теңіздің арғы бетіндегі Боржоми тұрғанда, жердің түбіндегі соғысып жатқан елде нең бар, шырағым?!» деп ақыл айтқандар да аз болмады. Соңғы жылдары түбегейлі өзгерістер болған Украинаның бір шеті әлі күнге дейін соғыс жағдайын бастан кешіп жатқаны мәлім. Ол жаққа баруға қазірде көпшілік қазақстандықтардың тәуекелі жете бермейтіні де сондықтан шығар. Оның үстіне санамызды көбірек билеп тұрған орыс ақпарат құралдарының сөзінше: «ол – бұзақы бандершілердің әрекетінен берекеті кеткен тәртіпсіз ел». Ақыры, алған бетімнен қайтпай, Карпат тауы маңындағы атақты Трускавец шипажайында демалып әрі ем алып келмекке тәуекеліме ту байлап аттанғанмын. Әрине, Украинадағы қазіргі саяси-экономикалық ахуал туралы тереңдете талдап жазуға шамамыз келе қоймас. Біздікі тек сырт көз ретінде көргеніміз бен көңілге түйгенімізді ғана айту. Сонымен, кеттік...

Ақтаудың әуежайынан көкке көтерілген Әзірбайжан әуе компаниясының ұшағы теңіздің арғы бетіне сағатқа жетпей барды. Сәнділігі мен жайлылығы жағынан әлемдегі үздіктердің санатындағы Гейдар Алиев атындағы Баку халықаралық әуежайында төрт-бес сағаттық тосудан кейін таң ата қайта ұшқан ұшағымыз 3 сағат 15 минуттан соң Киевтің іргесіндегі Борисполь әуежайына келіп қонды. Қазақстанмен жасасқан келісім бойынша бұл елде 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат берілген. «Украинаға қош келдіңіз!» деп жымиып қарсы алған шекара аймағындағы төлқұжат тексеру бекетінің жігіттері мен қыздары бірі суретке түсіріп, екіншісі құжатымызға белгі қойып, кедергісіз ішке өткізді. Негізінде, әуежайдан тура тартам десеңіз, Трускавецке шағын автобустар мен жеңіл көліктер де жүреді екен. Бірақ, келіп тұрып Киевті көрмей кеткеніміз келіспес деген ой жеңді. Бір сағаттай жол жүріп Киевтің теміржол вокзалына да жеттік. Елдің батыс шетінде жатқан Трускавец шипажайына баратын кешкі пойызға билет алдым. Қашықтығы жүрдек пойызбен он бір сағаттық жүрісті алатын жол. Купелі вагонның бағасы 360 гривна болды, ол біздің ақшаға шаққанда 4000 теңгенің шамасы екен (1 гривна – 11,8 теңге). «Билет – қалтада!» деп көңілді бірлеген соң қаланы аралауға шықтым. Алдымен, әлемге аты әйгілі Тәуелсіздік алаңы – Майдан орналасқан Киевтің орталық көшесі Крещатикке барып көруім керек деп шештім.

Метромен бір бағытпен барып екіншісіне ауысып мініп, 7-8 бекетті артқа тастап діттеген жерге жеттім. Жердің астындағы жолмен ерсілі-қарсылы жөңкілген қарақұрым адамдар ағынынан бір босамайтын метродағы қарбалас өз алдына бір әңгіме...

Әйгілі Желтоқсан оқиғасы орын алған Алматыдағы Республика алаңы секілді Тәуелсіздік Майданын қасиетті жер санайды украин халқы. Бұл елдегі биліктің өзімбілдік әділетсіз әрекеттеріне наразы бұқараның 2013 жылғы 21 қарашада (Сол күн - Абырой мен азаттық күні ретінде ұлттық мереке болып белгіленген) «Еуромайдан» деп аталған бұлқынысынан басталып, арты жемқорлық пен ұрлық-зорлыққа қарсы халықтық қозғалысқа ұласқанын, оларға қарсы күш қолданудың соңы қақтығыс пен қантөгіске барған соң, жағдай әбден ушығып, ақыры мемлекет басшысын биліктен кетуге мәжбүр еткенін білеміз.

Кезінде дүниені дүбірлеткен оқиғалар осы алаңнан басталғанын өткен тарихынан білетініміз болмаса, бүгінде ештеңе болмағандай барақат тірлігі қайнап жатқан бұл арадан бөтен нәрсе байқай алмайсың. Көкке шаншылған биік Тәуелсіздік ескерткіші маңы құжынаған келім-кетімді адамнан босамайды. Алаңқайдағы көгалда көкесінің үйіндегідей көсіліп жатқан жастар. Шетелдіктердің көп келетін жері болғандықтан ба, өз қызметін ұсынушы фотограф, суретші, жолкөрсетуші гид, қолына аң-құсын ұстаған, танымал мультик кейіпкерлерінің киімін киген адамдар алдыңды кес-кестеп, қиылып тұрып алады. Бір жігіт қоймай жүріп қолыма қаршығасын, иығыма көгершінін қондырып ақыры суретке түсуге көндірді. Тегін емес – қызметі үшін 100 гривнаны қолына ұстатуға тура келді. Алаңның бір бүйіріндегі айтулы қанды оқиғалар болған Кәсіподақтар үйінің сыртын жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жазулы жапсырма банерлермен қымтап тастапты. Сол маңда сөйлесудің сәті түскен егде жастағы суретші поляк ұлтының өкілі Мәскеуде білім алған жан-жақты адам екен. Саяси-әлеуметтік жаңарулардың соңы қайырлы болса екен деп тілейді. Бір Одақтың құрамында болған заман да жаман болған жоқ дей отырып, қай заманда да сайқал саясаттың суығы да, ыстығы да айналып келіп қарапайым халыққа ұратынын айтады...

Ежелгі Киевтің алтын қақпасын, көне заманғы шіркеулер мен біраз ескі тарихи орындарын аралап көруімнің әсері ерекше болды. Көне қаланың көретін керемет орындары көп-ақ екен. Әрине, оның бәрін тамашалауға уақытым мен мүмкіндігім болмағаны өкінішті. Днепр өзенінің оң жағалауында орналасқан Владимир биігіндегі шіркеулер жанында ұзын қабырғаны бойлай ілінген суреттер қатары көңілімді аударды. Жоғарыда айтқан қанды қақтығыстар кезінде азаттықты қорғау үшін қаза тапқандар мен Донбас, Луганскідегі соғыс қимылдарында шәйіт болған халық батырларының суреті мен қысқаша өмірдерегі ілінген тізімнің шетінен шығу үшін біршама уақыт жүруге тура келеді. Көбі өмірінің көктемінде көктей үзілген жас жігіттер. Келушілер құрмет белгісі ретінде етегіне гүл шоқтарын қойып, шырақ жағады. Осы елдегі украин халқының батырлары Богдан Хмелницкий мен Степан Бандераның ескерткіштерін көрудің сәті түсті.

Украина еліне келген кезден байқағаным, көшеде, вокзалда, метрода, шипажайда т.б. жерлерде орысша жазу көре алмадым. Біздің көшелерде жиі кездесетін ағылшынша жазулар да сирек. Өзара орысша сөйлейтіндер ішінара кездесті. Телеарналардың барлығы да украинша сөйлейді, орыстілді бірен-саран арналардың астынан украинше субтитрлі аудармасы беріледі. Бұрыннан солай ма, Ресеймен кетісуден кейін солай жасады ма екен?.. Бүкіл шипажайда азиялық нəсілден жалғыз мен екенмін. Бөтенсіреп қырын қараған адамды байқамадым. «Соғыстың кесірінен сіздер жақтан көп адам келмейтін болды» деп өкініш білдірушілер бар. Киевте көшеден жөн сұраған адамдарым жылы қабақ танытып, ықылас пейілмен жол сілтеп жатты...

Шипажайлар қаласы саналатын Трускавецке таңда келіп түстім. Алдын ала интернет арқылы келісіп қойған шипажайдың өкілі – Ольга есімді қыз ескі танысымдай күлімдеп қарсы алып, «Перлина Прикарпатья» («Карпат маңы маржаны») шипажайына жеткізіп, орналастырып кетті. Ішкі істер қызметкерлері үшін 1993 жылы салынған медициналық оңалту орталығы деген аты бар он қабатты зәулім ғимараттың сырт көрінісі де, ішкі қызмет сапасы да көңілімізден шыққанын айтып қоялық. Табиғаты тамаша, айнала орман-тоғай, жасыл желек. Бұл маңда жылдың 300 күні ылғалды болады дегенді гидтен естігенмін. Маңғыстаудай шөлді аймақтың ауа райы өзіммен ілесе барды ма білмеймін, бір апта бойы көктен тамшы тамбағанына куә болдым. Есесіне, келерімнен бұрын төрт күн қатарынан жаңбыр жауған екен...

Емхана тәртібімен алдымен қаның мен зәріңді анализ арқылы тексеріп, жүрегің мен іш құрылыстарыңды арнайы аппаратпен қарап, сосын барып арнайы дәрігер ем-домыңды белгілеп беретіні ұнады. Ең басты шипасы – «Нафтуся» және «Джерелло» деп аталатын ішетін минералды суы екен. Шипалы су көзі алғаш ХІХ ғасырдың ортасында ашылғанын дәлелдейтін фотосуреттерінің үлкейтілген көшірмелері бювет маңындағы жарға ілініпті. Аты айтып тұрғандай алғашқысынан әлсіздеу мұнайдың дәмі байқалса, екіншісі тұзды құдықтың суындай сәл ашқылтым. Бүйрек, бауыр, өт жолы, ішек-қарын ауруларын емдеуге өте пайдалы сулар деп мақтап, тамақтанудан бір сағат бұрын 150 – 200 грамнан ғана ішуге кеңес берді. Алла шипасын берсін деп айтқанын орындап, шамасымен шақтап ішуге тырыстық. Асханасында әр түрлі тағамдардан қалағаныңда өзің таңдап алуға мүмкіндік жасалған...

Бұл жерде Украинаның түрлі түкпірінен, Балтық елдерінен, Германия, Әзірбайжаннан келген адамдарды кездестірдім. Тоғыз күнге дейін өз тілімде еркін сөйлесетін бір қазақтың баласын таппай аңсап жүргенімді де айтып қояйын. Кейін көрші шипажайда демалып жатқан ақтаулық жерлестерімді жолықтырғанымда жылап көрісуге шақ қалғаным бар. Қайран қазағың мен ана тіліңнің қадірі қаншалықты қымбат екенін сондайда жаныңмен сезінесің ғой!..

Елдің шығысындағы екі аймақты елден бөлектеп алып Ресейге қоспақшы сепаратистермен соғысып жатқанының әсері ме, жоқ бұрыннан солай қалыптасқан ба, әйтеуір украин халқының отаншыл патриоттық сезімі көтеріңкі көрінді маған. Көңілге дем берер сөз ретінде бір-біріне «Украина жасасын!» деп айту және оған «Батырлар жасасын!» деп жауап қатуды жиі естіп, ретті жерінде өзіміз де қолдандық. Айтпақшы, сол тұста Киевтің орталығында Еуроодақпен визасыз барыс-келістің ашылуына байланысты салтанатта сөз сөйлеген ел президенті Порошенко орыс ақынының сөзін қайталап: «Прощай, немытая Россия!» деп қол бұлғағанын миллиондаған телекөрермендер қатарында көрдік.

Саяси-экономикалық дағдарыстан енді-енді шығып, ес жинай бастаған елдің тұрмыс жағдайы жақсарып кетпегені байқалады. Бізбен сұхбаттасқан жергілікті тұрғындар жалақы мен зейнетақы мөлшерінің төмендігін, азық-түлік пен басқа да тауарлардың қымбаттығын, оған соңғы жылдарда ақшаның екі еседей құнсыздануы себеп болғанын айтады. Ең төменгі зейнетақы 50 доллар шамасында, яғни біздің теңгемен есептегенде 15-16 мың теңге шамасында екен. Ал, азық-түлік бағалары айырбас бағамымен өлшегенде біздегімен деңгейлес. Шекарада қызмет ететін әскери Богданның айтуынша 6000 гривна жалақы алады екен. Жұмыссыздықтың салдарынан көп адамдардың күнелтіс қамымен көрші Польша, Словакия, Венгрия және Ресейге табыс іздеп кетуі үйреншікті үрдіске айналған сияқты. Батыс елдерімен барыс-келістің көптігін көшеде Еуроодақ елдері нөмірімен жүрген көліктер де аңғартады.

Экскурсияның бір бағыты бойынша Карпат тауының Высокий верх деп аталатын теңіз деңгейінен 1242 метр жоғары бір биігіне аспалы жолмен көтерілудің сәті түсті. Бағасы 130 гривна (1500 теңге шамасы). Тау бөктерін тұтас жапқан сыңсыған қалың орманның үстімен бірнеше шақырым жүріп өту керемет әдемі көріністердің куәсі етеді. Төмендегі сылдырлап аққан су мен жарыса сайраған құстардың дауысы көңіліңді көтеріп, қошуақ күйге бөлейді. Ең биік нүктесіне барып түссек, ол жақтың да тірлігі қызып, кəуап пен əртүрлі тағамдарын, мінетін жылқысын, квадроциклін көлденең тосып тұрған адамдар жетеді екен. Тілдесудің сәті түскен Иван есімді жігіт ағасы кеңестік кезеңде біздің Жамбылда əскери қызметін өтепті. «Қазақстаннанмын» дегенімде елең етіп, өзінше іштарта сөйлесті. Сол таудың бөктеріндегі ауылда тұрады екен. «Жұмыс жоқ, орманды да кесіп жатыр. Демалушыларға жылқыммен қызмет көрсетіп табыс табамын. Анау тұрған биікке дейін мініп барып келу 80-100 гривна. Үстіне мініп фотоға түскендер аз-мұз ақша береді. Бұрын атқа мінуге қызығатын адамдар көп еді. Қазір жылқыдан гөрі мына төрт аяқты квадроциклді мінгісі келетіндер көбейді» деп мұңайған Иван үйде біржар сиыры, тауықтары бар екенін айтады. «Бұрын ауылдағы көп жігіттер Ресейге барып жұмыс жасап ақша табатын. Арада жанжал болғалы оның жолы да кесілді. Тəуекел деп кеткендердің кейбірі оралмай қалды. Күнкөріс оңай емес» -деп ол менімен суретке түсу үшін мыж-мыж кепкісін түзетіп жатты...

Демалыстағы саяхат сапарымен барған келесі бір керемет жеріміз Львов қаласы болды. 1256 жылы іргесі қаланған шаһарда 16 - 19 ғасырларда салынған тарихи ескерткіштер мен ескі ғимараттар көп екен. Поляктардың, австриялықтардың, мадиярлардың қолтаңбалары сақталған қаланың көне бөлегін тамашалаушы туристер қаптап жүр. Дәріхана-музей, шоколад шеберханасы, түрлі қола мүсіндер, алғашқы керосин шамын шығарушы... деген сияқты таңсық дүниелер Львов қаласына ғана тән екен. Футболдан ЕУРО-2012 біріншілігі ойындары өткен «Львов Арена» стадионын сыртынан тамашалаумен шектелдік...

Екі аптадай емін-еркін жерінде жүріп, суын ішіп, дәмін татқан, талай әсерлі сәттерді бастан кешкен, шайыр Тарас Шевченконың отаны – Украина елін ұнатып қалған секілдімін. Азаттық жолында әлі күресін жалғастырып, жаңа тарихын жазып жатқан тағдырлас елдің өршіл рухты ұландары болашақта елі мен жерін түгендеп, тыныш, бақытты өмір сүрсе екен деп тіледік.

Мұрат ЖЕТЕКБАЙ

[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="30596,30601,30600,30589,30588,30587,30599,30590,30591,30593,30594,30595,30597,30598,30592"]

1688
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
жаңалықтар қоғам фото маңғыстау жаңалықтары анонс
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

«Қоғам – сенің қорғаның» жобасы аясында

Келесі жаңалық

«Азаматтық хал актілері тіркеу» бөлімі ашық есік күнін жариялайды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

    [ 2017 ] 21 шілде, 06:02
    2511

    Ақтауда тұрудың 10 ерекшелігі

    [ 2017 ] 17 шілде, 03:54
    5070

    Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Ақтаудағы зауыттардың жұмысымен танысты (ФОТО)

    [ 2017 ] 6 қыркүйек, 09:28
    1605

    Көзіміз көрген Украина

    [ 2017 ] 19 шілде, 12:29
    1689

    Ақтауда скейт-парк ашылды (ФОТО)

    [ 2017 ] 12 шілде, 04:43
    2244

    Ақтауда Ораза Айт мерекесі тойланды (ФОТО)

    [ 2017 ] 26 маусым, 06:00
    1481

    Рубрикалар

      ДенсаулықБайланыс мәліметтеріСараптамаМаңғыстау жаңалықтарыМәдениетБайқауСұхбатӘлем жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2627

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2306

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2156

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2867

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2506

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2354

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»