Маңғыстау облыстық прокуратурасымен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған «Қоғам – сенің қорғаның» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаны жүзеге асыру аясында облыстық әкімдік пен прокуратура арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум жасақталды. Бүгінгі уақытта 129 мүгедек жұмысқа орналасты, 950 мүгедек азаматтарға есептелген мүлік және көлік салықтары бойынша қарыздары анықталып, жойылды.
Ақтау қаласындағы 20 әлеуметтік маңызды нысандарда мүгедектердің көліктері үшін арнайы орындар белгіленді, арнайы жол белгілері орнатылды, 47 жаяу жүргіншілер өткелі ыңғайластандырылып, «Кендірлі» демалыс аймағындағы теңізге кресло-арбамен еркін баруға мүмкіндік жасалды.
Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі