Аптаның сәрсенбі күні Жетібай мәдениет үйінде «Маңғыстау әйелдері көшбасшылығы мектебі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Роза Махамбетованың бастамасымен, аудандық «Қоғамдық келісім» және Жетібай ауылы әкімнің ұйымдастыруымен «Әйелдердің партиядағы және қоғамдық саяси өміріндегі рөлін көтеру» атты тақырыпта семинар өткізілді.
Семинарға жаттықтырушы ретінде «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры, PhD докторы Елшибаева Кульмаш Галымжановна және парапсихолог-нумеролог Сексенбаева Мария Садвакасовна шақыртылды. Семинарға мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, зейнеткерлер, жеке кәсіпкер әйелдер-бары 49 адам қатысты.
Семинар қорытындысымен қатысушыларға сертификат табысталды. Сондай-ақ «Жас отбасы мектебі» бағдарламасы аясында психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік сала бойынша сұрақтар қойылып, кеңестер алынды.
Баймагамбетова Аян,
Аудандық КГУ «Қоғамдық келісім»
филиалының маманы