Жуырда алтыншы шақырылған ҚР Мәжілісінің депутаты, экономикалық реформалар және аймақтық даму комиссиясының мүшесі Тарас Киікбайұлы Хитуов қызметтік іс-сапармен Қарақия ауданында болды.
Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында мекеме, бөлім басшылары және қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен өткізілген кездесу барысында халықтың сенімді өкіліне Болашақ ауылына газ құбырын тарту, салынып жатқан жолдардың сапасын жақсарту, Құрық паром кешенінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды өрістету бағытында өзекті сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.
Сонымен қатар Т.Киікбайұлы аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.Аяпбергенов, ауыл ақсақалы К.Ізбергенов бүгінгі таңда тұрғындарды толғандырып отырған мәселелерді көтеріп, мәселенің оңды шешімін табуына ықпал етуін сұрады.
Жалғас БЕГЕЙ