17.07.2017. күні сағат 22:07 шамасында Жаңаөзен қалалық ІІД-не белгісіз біреуден қоңырау келіп түсті деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі. Ол қаладағы Самал ықшам ауданындағы сауда орталығына жарылғыш зат қойылғандығы жөнінде хабарлаған.
Мәлімет келіп түскен сәтте жедел іздестіру шаралары басталып кетті. Саперлер мен қызметтік иттер де жұмылдырылды. Бірақ ғимараттан ешқандай жарылғыш зат табылмады.
Артынша қауіп төнгені жөнінде жалған ақпарат бергені үшін Жаңаөзен қаласының Н. есімді азаматы қолға түсті.
Қазір ҚР ҚК 273 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша қамауда, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш бап бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА