Маңғыстау облысында ағымдағы жылы 1990-1999 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталып, белсенді жүргізілу үстінде. Науқандық шара желтоқсанға дейін жалғасады. Облысымыз бойынша 2017 жылдың наурыз-маусым айларында мерзімді әскери қызметке 663 азамат жіберілді (2016 жылы 603 азамат жіберілген). Өткен жылдың тақылеттес айларымен салыстырғанда, әскер қатарына жіберілген азаматтардың саны 10% пайызға жоғарылаған. Оның 265 (2016 жылы – 219) – Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына, 220 (2016 жылы – 276) – Ұлттық Гвардияға, 170 (2016 жылы – 100) – ҰҚК Шекара қызметіне, 8 (2016 жылы – 8) – Мемлекеттік күзет қызметіне жөнелтілді. Азаматтарды әскери қызметке шақыру – бұл әскери міндеттілік негізінде Қарулы Күштерді жеке құраммен жасақтауға бағытталған мемлекеттік органдар жүргізетін iс-шаралар кешенi. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергіліктi атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру пункттерімен, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз етеді. Әскери қызметке шақырылатын азаматтар жергiлiктi әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келеді. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне жергілiкті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары немесе жұмыс орны бойынша ұйымның басшысы қол қойғызып тапсырады. Шақыру қағазында мерзімі, уақыты, қай жерге келетіні, кім қабылдайтыны көрсетіледі. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзiне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиiстi iшкi iстер органына жүктеледі. Ұйымдардың басшылары әскерге шақырылатын азаматтарды iс-сапарлардан шақыртып алуға, оларды хабардар етуді және азаматтарды, олар әскери қызметке шақырылған кезде медициналық куәландырудан өткізу үшін әскерге шақыру пунктіне уақтылы келуiн ұйымдастырады. Белгіленген күні азаматтар дәрігерлік комиссиядан өте бастайды. Медициналық куәландыру, яғни, наркологиялық тестілеу, гепатит пен туберкулезге зертханалық зерттеу шараларынан денсаулығы жайында мәліметтер алынады. Бірінші аудандық тексерістен, одан кейін қалалық бақылау комиссиясы қарайды. Әскерге шақыру комиссиялары шақырылушымен, оның ата-анасымен, жұмыс жасап немесе оқып жүрген кәсіпорын немесе оқу орнының әкімшілігі өкілдерімен әңгімелеседі. Әскерге жарамды дегендері арнайы комиссиясының іріктеуіне қатысады. Әскерге шақыру комиссиялары шақырылушымен әңгімелеседі. Жеке әңгімелесу барысында шақырылушының моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене тұрғысындағы дамуы, жалпы білімі мен арнайы дайындығы, отбасы жағдайы туралы мағұлматтарға қол жеткізіледі. Медициналық тексерумен қоса, психолог мамандардың сұрыптауынан өтіп, әскерге жарамдылығы анықталады. Одан кейін әскерге шақыру комиссиясы әскерге жарамды азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тиісті түрі мен тегіне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Шақырылушылардың өндірістік біліктілігі мен мамандығын, денсаулық жағдайын ескеріп, әскерлерге келесі тәртіппен жасақталады:
Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры Ақтілеу Айбек