Астана күніне орай Мұнайлы ауданында да түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі өнерсүйер жастардың қатысуымен орталық алаңда өткен «Домбыра пати».
Онда аудан жастары мен өзге де өнерлі тұрғындар қазақтың қара домбырасынан түрлі жыр-термелерді төгілтіп, күйлер шертті.
Сондай-ақ жастар аудан жұртшылығы мен қонақтарына гитарамен заманауи әндерді де орындап, тамашалауға келген қауымға жан-жақтылығын көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл үрдіс мұнымен тоқтап қалмайды, алдағы уақытта тағы да жалғасын табады.
Зухра Әбділ-Саттар