©
Астана күні қарсаңында теңіз жағасында «Ботақан», «Ақжелкен», «Самал», «Ақмаржан» лагерьлерінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен флешмоб өтті. Шараға 10-12 жас аралығындағы төрт жүзден астам бала қатысты. Әр команда Астана күні мерекесіне арнайы дайындалған флешмобтарын кезектесе биледі. Бұл көңілді шараны Қазақстан халық ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жас қанат» жастар ұйымы бірлесе ұйымдастырған.
«Біз бүгін теңіз жағасында Астана күнін тойлап жатырмыз. Осы жерде өз өнерімізді көрсетіп, флеш-моб биледік. Астана – мен үшін қымбат қала, өйткені ол – еліміздің жүрегі», – дейді «Самал» лагерінің тәрбиеленушісі Ақтоты Мұқаналы.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="29679,29678"]Ұйымдастырушылар флешмоб өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, татулық пен ауызбіршілікті қалыптастыру, командамен жұмыс жасау дағдығысын дамыту мақсатында өткізіліп отырғанын айтады.
«Балалардың өнеріне қарап тамсанып тұрмын. Бірінен бірі өткен әдемі. Өнерлерін көрсетіп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған балаларға алғысым зор», – деді «Чосон» корей ЭМБ төрайымы Раиса Маденова.
Шара соңында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ККМ басшысының орынбасары Аянгүл Жұмаш қатысушыларды мерекемен құттықтап, алғыс хаттарды табыстады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
https://youtu.be/pGTRAvmwudA