«Өрт қаупі жоғары мезгіл басталды», - деп хабарлайды облыстағы Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы.
Тек қана 2016 жылдың маусымында Маңғыстау және Бейнеу аудандарында 3 далалық жану жағдайлары тіркеліп, жанған жер көлемі 46,5 га жеткен.
Айта кетерлігі, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында сексеуіл түріндегі орман қоры бар. Орманды аумақтың көлемі 112 мың га құрайды немесе ауданның барлық көлемінің 53% құрайды.
Қазіргі таңда аталған басқарма жергілікті атқарушы органмен бірігіп Түрқараған ауданындағы Ақшұқыр және Таушық селоларында өрт бекеттерін ұйымдастыруда.
«Қарағия ауданындағы Сенек ауылында және Маңғыстау ауданындағы Сай-Өтес селосында өрт бекеттерін құру қарастырылуда», - деп мәлімдеді басқарма бастығының орынбасары А.Г. Алексеев бүгін өткен брифингте.