©
Талдықорған қаласында өткен бокс турнирінен Маңғыстау облысының спортшылары 8 медаль иеленді.
Турнир бокстан КСРО спорт шеберлері ағайынды Тілеукеновтерді еске алуға арналды. 2001-2002 жж. дүниеге келген жасөспірімдер арасында өткен сайыста ұландарымыз 8 жүлдені қанжығаға байлады. Оның үшеуі – алтын.
Жарыс 2 шілде күні Талдықорған қаласында өтті. Оған Қазақстанның 6 облысынынан 90-нан астам спортшы қатысты.
46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазбек Жаңабергенов көш бастады.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбол Алпамысов алтын жүлдегер атанды.
Ал 80 келідегі боксшылар арасында Азамат Амангелдиев топ жарды.
Жарас Қомшабаев (44 келі), Әсет Әбдіхан (52 келі) және Нұрхан Ысықбаев (66 келі) күміс жүлде еншіледі.
Асхат Авасов (52 келі) және Нұрдәулет Бақытжан (60 келі) қола жүлдегер атанды.
Фотолар «Бокс Ақтау» қоғамынан алынды.