©
Баламалы энергияның қайнар көзі Мадагаскарда дамудың үлкен мүмкіндігіне ие. Бұл туралы Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 Көрмесінің аясында Мадагаскар Республикасының Ұлттық күнін атап өту барысында Мадагаскардың жастар ісі және спорт Вице-министрі Роберт Рандрианирина мәлімдеді. Оның айтуынша, баламалы энергияның қайнар көзі – елге инвестиция тартудың таптырмас мүмкіндігі. «Баламалы энергия көзінің мүмкіндігі зор. Күн энергиясы туралы айтар болсақ, оның қуаттылығы 2000кВт/м2 құрайды, ал көп өңірлерде күн жылына 2800 сағат жанып тұрады. Сондай ақ, жел энергиясының да әлеуеті жоғары. Жел қуатының шегі 3 м/сек-тан 25 м/сек-қа дейін ауысады. Шектеудің аясында энергия солтүстік, оңтүстік және батыс аралдарда өндіріле алады. Бұл мүмкіндік Мадагаскарда баламалы энергия көздерінің табысты дамуы үшін еш қиындықсыз қолданыла алады», - деді Роберт Рандрианирина. Өз кезегінде, Ақпарат және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы Жанат Қожахметов, Көрме қонақтарының баламалы энергетиканы дамыту саласымен жақынырақ танысуға ерекше мүмкіндіктері бар екен атап өтті. «Көрменің болашақ энергиясына арналған тақырыбы өте өзекті. Бір жағынан Көрме қатысушылары жасыл экономика мен баламалы энергетиканы дамыту салаларындағы жаңа үрдістермен таныса алады.», - деді Жанат Қожахметов. Айта кетейік, Мадагаскар павильонының құрылымы елдің энергетикалық мүмкіндігін ашады. Онда күн және жел энергетикасын дұрыс қолданудың заманауи технологиялары таныстырылған.