28 маусымда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. Сапар барысында Құрық портындағы паром кешенінің екінші фаза құрылысының жүрісін тексерді. «Нұрлы жол» бағдарламасы жобасын жүзеге асырушы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ. Іске қосу кешенінің бірінші кезеңі былтырғы желтоқсанда берілді. Пайдалануға 44 нысан берілді (соның ішінде теміржол құрамдас бөлігі бар), бұл жүк вагондары бар паромдарды тәулік бойы өңдеуге мүмкіндік берді. 2017 жылдың басынан порт коммерциялық қызметін бастады, осыған дейін 93 кемекіру жасалған, 400 мың тоннадан аса жүк ауыстырып тиелді. Елбасының биылғы Жолдауында Құрық портының екінші фазасын – автомобиль өткелін жүзеге асыру қажеттілігі айтылады. Қазіргі кезде паромды кешеннің автомобиль құрамдас бөлігінің нысандары салынуда. Теңіз акваториясында автомобиль пирсы үшін түпті тереңдету жұмыстары жүргізілуде, бұл жүк автотранспортын ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді. Батыс және Шығыс қоршау толқынтосқылары құрылысы жүргізілуде, портфлоттың айлақ құрылысы басталып кетті. Тереңдетілген және фитосанитарлық бақылау ғимараттарының, күшейтілген радиациялық қорғау изоляторының боксының, кемелердің жүруін басқару жүйесі ғимараттарының, кедендік және шекара инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілетін аумақта бұрғылап жару жұмыстары жүргізілуде. Жаңа паромдық өткел генералды және құйылмалы жүктерді мультимодальды тасымалдауды қамтамасыз етеді, бұл транзитті жүк ағынын едәуір көбейтеді және Каспийдің батыс бағытындағы экспорттық әлеуетті күшейтеді. Құрық паромды кешенін пайдалануға беру Қазақстанның теңіз қақпасын кеңейтеді және Транскаспий халықаралық көлік бағытының тізбегін тұйықтайды. Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары барысында А.Мамин сондай-ақ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты. Европа, Түркия, Кавказ елдері және Орта Азияның маңызды халықаралық транзиттік көлік дәлізіне «Құрық» порты - «Құрық» селосы (ұзындығы 22 км) және «Бейнеу-Ақжігіт» – Өзбекстан шекарасы (ұзындығы 85 км) автомобиль жолдары жатады. А.Мамин осы екі магистраль құрылысының мәселелерін қарастырып, Маңғыстау облысы әкімшілігіне «Құрық» порты - «Құрық» селосы жолының, ал «Казавтожол» ҰК» АҚ-на «Бейнеу-Ақжігіт» – Өзбекстан шекарасы жолының құрылысын аяқтауға бағытталаған шараларды ағымдағы жылдың аяғына дейін жүзеге асыруды тапсырды. – Бүгін Құрық порты мен автомобиль жолдарының құрылыстары жедетілген қарқынмен жүргізілуде. Бұл транскаспий дәлізін жүк ағынымен қамтамасыз ететін маңызды жобалар. Құрық портының мәселесін біз үлкен болашақтармен байланыстырмамыз, өйткені тасымалдау көлемдері өсуге тиіс, сондықтан да инфрақұрылымды құру - аса қажет. Сондай-ақ Құрық порты Қашаған кенорнынан экспортталатын мұнай үшін байланыстырушы нүкте болмақ. Құрық - транскаспий дәлізінің көпфункционалды порты болмақ. Бұл, экономиканы көліктік логистика бағытында диферсификациялауға, сондай-ақ өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі