©
Бүгін 28 маусым – “Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне” орай боулингтен командалық турнир өтті. Турнирге БАҚ өкілдерінен құралған 5 команда қатысты.
Маңғыстау облыстық Жастар саясаты мəселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға сала мамандары аудан, қала, облыс аумағынан жиналды. Атап айтар болсақ, “Аудандар құрамасы”, “Қалалар құрамасы”, “Орталық коммуникациялар қызметі”, “Қазақстан-Ақтау” телеарнасы және “Маңғыстау Медиа” ЖШС-ның “7292” командасы.
Алдымен сайысушылар жекелей сынға түсіп, олардың арасынан “Қазақстан Ақтау” мен “7292” тобы финалға өтті. Нəтижесінде телеарна тілшілері басымдықтарын танытып, бірінші орынды қанжығалады. Ал “7292” екінші, “Орталық коммуникациялар қызметі” үшінші сатыға тұрақтады. Қалалар мен аудандар құрамасы арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Ұйымдастырушылар БАҚ өкілдерінің кəсіби мерекесі қарсаңында оны көңілді ірі қызықты өткізуіне осылай ат салысты. Жеңімпаздарға кубоктар мен сый-сияпат табыстады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="29110,29109"]