©
2017 жылы маусым айында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығы полигонында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысқан Маңғыстау абыройын қорғаған А. М. Горький атындағы мектеп-лицейінің 20 оқушысы, «Айбын дауысы» конкурсының командалық есебінде 3-жүлделі орын иеленді.
Әскери-патриоттық клубтардың мүшелері, республикалық (облыстық) мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындарының әскери кафедрасының студенттерінің арасында біздің мектеп-лицей жоғары нәтиже көрсетті.
Ұл-қыздарыңның есімдерін айтакетпеуге болмас: олар Тұрғанбаев Алмас Жылқыбекұлы, Қуанышев Саят, Есенғазыұлы, Кемелханов Нұрбол Сәлімжанұлы, Сүлейменова Әсел Аманғалиқызы, Голев Тимофей Сергеевич, Ақтанов Тимур Ақболатұлы, Қосайұлы Бекжан, Аралов Балғынбек Қайратұлы, Тұрлашев Амалбек Мейрамбайұлы, Қуанышқалиев Азамат Қуанышқалиұлы, Мизамбай Рыскүл Советқызы, Жұмахамбет Әсем Боранқұлқызы, Нұрғалиева Лаура Есімқызы, Амангелдин Нұрас Теңелұлы, Тұржанов Тамирлан Жоламанұлы, Бақтыбай Аманбек Мырзағалиұлы, Аманқос Арғын Қостанбекұлы, Сизоненко Дарья Александровна, Қади Сағынышбек Аминұлы, Амангелдин Жандос Абайұлы. Жетекшілері: ТаспаевЖоламанТұржанұлы, Жумакулов Оркен Қамбарұлы.
Биылғы жылы жиынға 600-ден аса қатысушы бақ сынады. Олардың қатарында республика өңірлеріндегі әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, Астана, Шымкент, Алматы, Қарағанды қалаларындағы «Жасұлан» республикалық әскери мектептерінің, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің, Павлодар қаласындағы әскери мектеп-интернатының, Семей қаласындағы мамандандырылған «Жасұлан» ер балалар мектебінің тәрбиеленушілері және Ресей Федерациясы Орынбор президенттік кадет училищесінің тәрбиеленушілері бар.. Салтанатты шараның алғысөзінде Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенат Талғат Мұхтаров айтып өткендей, бұл жылы әскери-патриоттық жиынға көптеген өзгерістер енгізілген. Жиын бағдарламасы «Эрудит» интеллектуалды ойыны, «Менің роботым» роботехникалық конкурсы, пневматикалық винтовкадан атыс, белағашқа тартылу, әскери кросс, командалық пейнтбол ойыны, мега-арт «Айбын дауысы» фестивалі, «Worldoftanks» компьютерлік ойынын қамтыған, сондай-ақ «Айбын дауысы» мега-арт фестивалі енгізілді.
«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынның мақсаттары мен міндеттері
«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу мақсаты: 1) Басқа елдер мен жаспатриоттар бірлестігі арасында одақтастықты нығайту; 2) Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық жұмыстарды нығайту; 3) Қазақстан Республикасында жас патриоттар қозғалысын дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау.
«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынның міндеттері: 1) Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін іске асыруды жоғарылату, әскери-патриоттық клубтар қызметі және олардың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынасын бақылау; 2) Жастар арасындағы халықаралық және ұлтаралық достықты нығайту, жастардың халықаралық келісім және құрметтеу рухында тәрбиелеу; 3) Жастарды Қарулы Күштерінің әскери қызметіне дайындау, әскери қызметін өтеуде олардың дағдылары мен әрекеттерін қалыптастыру; 4) Салауатты өмір салтын насихаттау, тұлғалық жетілу, жастардың әскери-қолданбалы және техникалық дайындыққа дағдылау.
Мектеп тарихы
Алексей Максимович Горький мектебінің негізінде «Тұлпар» әскери-спорттық клубы құрылды.Мақсаты: Жеке тұлғаның әскери-патриоттық және азаматтық позициясын қалыптастыру, жасөспірімдерді спортқа баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Міндеттері: жасөспірімдердің Отанға адалдығын, патриоттық сезімін оятуға; қазақ елінің тарихын және мәдениетін білуге; салауатты өмір салтын қалыптастыруға; жасөспірімдерді әскери оқу орындарына баулу. «Тұлпар» ӘСК бағыты мен құрылымы: Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқу жаттығулары Қазақстан Республикасының әскери тарихы жөнінде оқу жаттығулары Әскери-спорттық сайыстар мен конкурстар Спорттық сайыстар, спартакиадалар, Ғылыми-зерттеу жұмыстары Ерлік сабақтары. «Футбол» үйірмесі «Туризм» үйірмесі «Волейбол» үйірмесі «Жеңіл атлетика» үйірмесі «Жеңіл атлетика» үйірмесі Жетекшісі АӘД пәні мұғалімі Таспаев Жоламан Тұржанович. Жеткен жетістіктері: «Алау» облыстық әскери-спорттық сайысы ,1 орын, 2015 ж; «Алау» облыстық әскери-спорттық сайысы ,3 орын, 2013 ж; «Алау» облыстық әскери-спорттық сайысы ,2 орын, 2011 ж; Батыс өңірдің «Алау» облыстық әскери-спорттық сайысы,3орын, 2009ж; «Отан қорғаушы» облыстық әскери-қолданбалы көпсайысы, 1 орын, 2016 ж; Әскерге шақыру жасындағы оқушылар арасындағы облыстық Спартакиада, 2 орын, 2012 ж: Облыстық әскери-патриоттық клубтар арасындағы сайыс, 1 орын, 2009 ж: Облыстық әскери-патриоттық клубтар арасында сайыс, 2 орын, 2010 ж; Республикалық әскери-қолданбалы көпсайысы, 3 орын, 2009 ж, Степногорск қаласы; Облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық сайысы, 3 орын, 2009 ж; Облыстық «Айбын» әскери-патриотық клубтар арасындағы жиыны 1 орын, 2016 ж; Облыстық «Отан Қорғаушы» әскери-спорттық сайысы , 1орын, 2016 ж; Облыстық «Алау» әскери-патриоттық сайыс, 2 орын, 2016 ж; Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық клубтар арасындағы жиын, 3 орын, 2016 ж;
М.А.Горький атындағы мектеп-лицейі ұжымы