Жаңа техникалар табысталды
[ 2017 ] 26 маусым, 06:40 | Жаңалықтар
Өткен аптаның аяғында «Бұрғылау» ЖШС-ның бас директоры Дүйсенбай Таушанов мекемені озық технологияға сай жаңарту, өндірістік жұмысты жандандыру мақсатында шегендеу цехына 15 жаңа техниканың кілтін табыс етті.
Шарада сөз алған мекеме басшысы игі іс жұмысшылардың өнімді жұмыс жасауы үшін жасалып жатырғанын атап өтіп, жұмыстарына табыс тіледі.
- Қашан да жаңа техника өндірістік жұмысты жандандыруға, үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сол себепті, қызметкерлеріміздің табысты еңбек етуі үшін жаңа техникалармен қамтамасыз етуді жөн деп таптық. Игі істер жалғасын тауып, алға қойған жоспарларымыз орындала берсін, - деді Д.Таушанов.
Сондай-ақ, «Бұрғылау» ЖШС директоры мекеме жұмысын жақсарту мақсатында қазіргі таңда жүргізіліп жатқан және жоспарланған жұмыстарын айтып өтті. Оның ішінде, логистика жүйесін нығайту бағытында үздік мамандармен келіссөздер жүргізу, техника мен құрал-жабдықтарды тексерістен өткізіп, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары жүзеге асырылып, жаңа қондырғылар орнату, өндірістегі шаруашылық-тұрмыстық корпустарын жаңарту, әлеуметтік сала жұмысын нығайту, шегендеу цехының алаңшасына толық су ағынды жолдармен асфальт жабындысын төсеу жоспарға қойылған. Оған қоса, шегендеу цехын жаңарту мақсатында «ЖігерМұнайСервис» ЖШС мекемесімен келісім-шарт жасалып, жұмысшылардың біліктілігін арттыру бойынша оқыту мәселесіне де көңіл бөлінген.
Құттықтау сөзден кейін шегендеу цехының 15 жүргізушісіне 5 КАМАЗ АЦН (82 639 000 теңге), 3 КАМАЗ Агрегат (81 758 400 т), 2 цементовоз (48 224 600), 2 УАЗ (8 280 000) және жалпы құны 51 908 500 теңге тұратын 3 ХОН (жүк тиегіш) көлігінің кілті берілді. Шегендеу цехында барлығы 520 жұмысшы қызмет атқарады. Оның 395-і көлік жүргізушілері.
Өз тілшіміз
1055
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.