©
Ақтаудағы дүкендердің бірінде акция болып, күнбағыс майы арзан бағаға сатылған. Сол кезде майға таласқан жұрт бірін-бірі таптап кете жаздаған, деп хабарлайды Baq.kz «Ладаға» сілтеме жасап. Дүкенде 1 литр майдың жеңілдетілген бағасы 149 теңге болған. Ал Қазақстан нарығындағы майдың 1 литрі 300 теңгеден басталады. Күнбағыс майын арзан бағаға алғысы келегендердің қарасы көп болғанын супертмаркет басшылығы да айтып отыр. https://youtu.be/MK9IEDV1Wv0 Видеода көрінгендей, жиналған жұрт күнбағыс майын таласа-тармаса, бір-бірінен жұлып алады. «Жеңілдікті жариялаған кезде, тауар саны шектеулі болғандықтан бір адамға 3 бөтелке майдан сатылады деп айтылды. Бұл бір жағынан алып-сатарлықтан қашу үшін де жасалған болатын. Мақсатымыз жағдайы төмен адамдарға көмек болса деген едік. Бірақ, адамдар түсінбей, әрқайсысы жәшік-жәшікпен алғысы келіп тартысты. Соңы төбелеске ұласып, бірінің қолындағы майды бірі тартып алды. Адамдар мұндай акцияларға әлі дайын емес екен деп ойладық. Мұндай кезде өздерін қалай ұстауды білмейді», – дейді супермаркет басшылығы.Дереккөз: Baq.kz
https://youtu.be/kBvUgScPljo