©
ЭКСПО -2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында өтетін Маңғыстау облысы күндері бағдарламасымен жергілікті коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Пания Сармұрзина мен «Маңғыстау облысы әкімі аппараты қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесі басшысы Амангүл Жайылханова таныстырды. ЭКСПО -2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы өңірлердің мәдениет күндері 10 маусымда Алматы қаласының Мәдениет күндерінен басталып, 10-қыркүйекте Қарағанда облысымен аяқталады. Мәдениет күндерін өткізу кестесіне сәйкес Маңғыстау облысының мәдениет күндері 15-18 тамыз аралығында Қызылорда облысының Мәдениет күндерінен кейін өтеді. Осыған орай облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, штаб құрылды. Жоспарға сәйкес, концерттік бағдарламалар, қолданбалы қолөнер,киіз үйлер көрмесі, театрлар қойылымдары, жыр кеші, жерлесіміз ақын Есенғали Раушановтың шығармашылық кешін өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, 10-20 тамыз аралығында этноауыл аумағында орнатылған 2 киіз үй облыстық музейлер қоры есебінен жабдықталады. Туындыларын сатуға, мастер-класс өткізуге 20 қолөнер шебері қатысады. Барлығы 52 мәдени шара жоспарға енген. Мәдениет күндерінің ашылуы 15 тамыз күні ЭКСПО алаңындағы амфитеатрда өтеді. Концерттік бағдарламада Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, «Радуга», «Колибри» , «Жорға» ұжымдары, джаз ансамблі, Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыка-драма театр әртістері, «Арна»тобы, С.Шәкірат, Р.Айдарбаева, А.Қосанова, Ж.Көшкінов, Асқар, Асанәлі Көшеровтер, А.Ерімбетова, Ш.Сапарова, Т.Асар, С.Шектібаев, Н.Асқанов, А.Байгелова,Б.Құлғараев, Қ.Нысанова, Б.Ретбаев,Л.Нұрқуатова, А.Оңайбайұлы, А.Нұрбергенов өнер көрсетеді. Он бес шара облыстық Ассамблея хатшылығының ұйымдастыруымен «Арай» саябағында өтеді. Қатысушылар саны 120, оның ішінде 85-і өнерпаздар. 7шара этно ауыл аумағында, 6 шара «Жерұйық» саябағында , 6 шара «Студенттер» саябағында, 6 шара «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда, 6 шара қала әкімдігі ғимыраты алдындағы алаңда, 2 шара М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында (17,18.08), 1 шара қуыршақ театрында (15.08), С.Адайдың шығарамашылық кеші «Шабыт» сарайында (16.08), Маңғыстаудың дәстүрлі ән-күй, жыр саздарының концерті конгресс-холлда (17.08) өтеді. Мәдениет күніне облыстан 447 адам қатысады, оның 378-і өнерпаз. Олардың 194-і көркемөнерпаздар, 184-і кәсіби ұжымдар мен әртістер. Көркемөнерпаздардың 10-ы Бейнеу ауданынан («Арай» ВИА), 25 –і Маңғыстау ауданынан ( «Отпан»фольклорлық ансамблі, «Таңшолпан» би ансамблі), 17-і Қарақия ауданынан (Жакуповтаржанұялық ансамблі), «Балауса»бишілер тобы, «Ерке Нұр» вокальды тобы), 10-ы Мұнайлы ауданынан( «Кәусар» тобы, ағайынды Омаровтар),9-ы Түпқараған ауданынан («Толқын» ВИА), 15-і Жаңаөзен қаласынан («Серпер» фольклорлық ансамблі, «Гүлдәурен» би ансамблі, «Керуен» вокалды тобы, 108-і Ақтау қаласынан(«Радуга» БШС, «Колибри» театр студиясы, «Жорға» би ансамблі, джаз ансамблі). Қонақ үйлермен келісім шарттар жасалып, алдын-ала 70 пайыз ақшасы ( «Данияр»ға- 168, «Туристке»-100, «Monte Bianco»-ға 110 адамға )төленді. Өнерпаздар үшін 273 жаңа киім тігіліп, жаңа бағдарламалар жасақталуда. -Маңғыстаудың өзгеше, ерекше киіз үйлері, мұражай экспонаттары, ән-күй, жыршылық мақамы, мен күйі, өнерпаздарымыздың өнері көрме қонақтарының көңілінен шығады деген сенімдеміз. Дайындықты ерте бастадық, -дейді облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Пәния Оналбайқызы. Ылайым сапар табысты, жемісті, жеңісті болғай!Болат ҮМБЕТОВ