©
Жергілікті уақытпен таңғы сағат бес жарымдар шамасы. Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жауынгерлік оқу дабылы қағылып, жауынгерлік әзірліктің жоғарғы дәрежесіне келтірілді. Елдің тыныштығы мен бейбітшілігі жолында қызмет етіп жүрген 70-ке жуық әскери міндеттілер бір мезгілде жиналып аумақтық қорғаныс құрылымына жетті. Басты назар бейбіт уақытта жауынгерлік жоспарды әзірлеп, қарулы күштерді даярлық деңгейінде ұстау. Жаттығу барысында қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен жергілікті басқарма бөлімдерінің сарбаздары әскери дайындықтарын көрсетті. Қарулы күштер ауқымындағы оқу дабылы - осы апта бойы еліміздің Қарулы күштеріне қарасты әскери бөлімдер мен жергілікті басқару органдары арасында өткізілмек. Айта кетерлігі Қазақстан Қарулы Күштері маусым айында жазғы оқу кезеңіне көшті. Рим тарихшысы Корнели Непот «Бейбіт күнде өмір сүргің келсе, жауынгерлік әзірлікті күшейт» деген болатын. Біз бүгін Қазақ әскері ел басына күн туса, етігімен су кешіп, иығына бес қаруын асынып, қандай жағдай болмасын елді қорғайтынына, Тәуелсіздік беделін биік көтеретініне көзіміз жетті.Голрох ЖЕМЕНЕЙ