«Мерейлі отбасы - 2017» облыстық байқауы өтті
[ 2017 ] 26 мамыр, 13:19 | Жаңалықтар
Ел мерейін асқақтатар ұлттық жоба Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп келеді.
Биылғы өңірлік байқауға облыстың аудандары мен қалаларынанмұнай-газ, энергетика, білім, ауылшаруашылық, өнер салаларынан құралған 23 отбасы өтінімдерін берді.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орын иегерлері болып Түпқараған ауданынан Қанжановтар отбасы танылды.
Отағасы Қанжанов Тәуірхан (1943 ж.т.) ауыл шаруашылық саласы ардагері. Ол «Ерен еңбегі үшін» (1970 ж.), «Ветеран труда» (1985 ж.) медальдарымен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. Маңғыстау облысының құрылғанына 15,25,35 жылдығына арналған және «За безавариную работу» төсбелгілерімен бірге облыс, аудан әкімдерінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. Түпқараған ауданының құрметті азаматы. Отбасында 9 бала тәрбиелеп отыр. Балаларының барлығы жоғары білімді, бүгінде бір-бір мамандық иелері. Көпке үлгі тұтар, ауыл-аймаққа белгілі, өзіндік отбасылық қағидаттары бар, ұлттық салт-дәстүрмен әдет-ғұрыптарды ұстанған отбасы.
ІІ орынды Маңғыстау ауданынан Жаңбыршиевтер отбасы иеленді. Отағасы Жаңбыршиев Есмырза – ауыл шаруашылығы саласының ардагері, ұрпақтың рухани азықтануына зор үлес қосқан азамат. КСРО жоғары совет президумының «Еңбек ардагері» медалімен, «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 60 жыл» Мерекелік медалы және Алғыс хатымен, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы, Маңғыстау ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.Маңғыстау облысының 35 жыл естелік төстік белгісімен, «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапатталған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыс, аудан көлеміндегі Құрмет грамоталарына, Алғыс хаттарға ие болған.
Жұбайы – Жаңбыршева Жанбиби, 89 жаста.Отбасында 11 бала тәрбиелеген. Олардан 42 немере, 23 шөбере сүйіп отыр. Балалары әр түрлі саланың қызметкерлері.
Байқау ережелеріне сәйкес,облыстық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының І және ІІ орын иегерлерінің құжаттары республикалық комиссияға ұсынылады. Республикалық комиссия ұсынылған отбасылар мүшелерінің жетістіктерінің көптігі мен маңызына, отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлерге, отбасының рухани-адамгершілік құндылықтарына, балалардың жетістіктеріне, өзінің түп-тамырын білуіне, отбасының өмір сүру салтына қарай, бір отбасыны республикалық кезеңге өткізеді. Байқаудың ақтық сынына барлық облыстардан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан 16 отбасы қатысады.
Өткен жылы облыстық байқау қорытындысы бойынша «Наурызмағанбетовтер отбасы» ақтық сынға жолдама алған болатын. Наурызмағанбетов Қалпақ – Қарақия ауданы мен Маңғыстау облысының «Құрметті азаматы», Маңғыстау облысы әкімі мен облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталады. Елбасы жарлығымен «Астана – 10 жыл» медалімен, 2011 жылы «Құрмет» орденімен және Қазақстан ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Алтын сапа» және «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» белгісімен марапатталған.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған шара. Бұл байқау дәстүрді сақтай отырып, Отанға деген сүйіспеншілік пен адамгершілік, рухани институтты нығайтуға жол ашады Байқаудың қалалық, облыстық, республикалық іріктеуіне қатысқан үміткерлер өздерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік және ғылым жолындағы жоғары жетістіктерін көрсетуге тырысады.Байқау жылдың басында жарияланып Отбасы күніне орай қорытындыланады.
Байқауды өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Аталған байқау биыл төртінші рет өткізілуде
1095
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.