• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Сыңғырла, соңғы қоңырау! (ФОТО)

    [ 2017 ] 25 мамыр, 13:18  |  Жаңалықтар

    Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алғашқы түлектерін ұшырды. Білім мен ғылым, тәрбие мен тәлімді ту еткен білім ұясынан 87 түлек қанат қағып, балалықтан арылып, үлкен өмірге қадам басты. Мерекелік жиынға білім биігіне жетелеген, зердесін ашып, көкірегіне нұр шашқан алтын ұясына қимас сезіммен қарап, талабы таудай, білімі мол 619 оқушы жиналды.  Жүздері қуаныш пен шаттыққа толы оқушыларды облыс әкімі Ералы Тоғжанов құттықтап, ақ тілегін арнады. -Мектеп – әрбір адамның жүрегінен ерекше орын алар тәтті сезім, елеулі естелік, балғын шақ. Парасат пен руханияттың, білім мен тәрбиенің ордасы болар мектептің жүрегі – аяулы ұстаздар да айрықша алғысқа, құрметке лайықты. Олардың ерен еңбектері мектеп мерейін асқақтатып, шәкірттерін жаңа биіктерге, жаңа армандарға, жаңа жеңістерге жектізді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында білімнің маңыздылығына ерекше тоқталады: «Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Расымен де, білімге ұмтылған елдің тұғыры биік, рухы асқақ болары даусыз. Білім тұңғиығына бойлатқан зияткерлік мектепті тәмамдап жатқан түлектер ата-аналардың үмітін, ұстаздардың сенімін толықтай ақтайтынына кәміл сенімдімін. Биыл облысымызда 4987 түлек оқу аяқтап, оның ішінде 143 оқушы «Алтын белгіге» үміткер. Елбасы мектебінің оқушылары оқу жылын толайым табыстармен тәмамдағаны қуантады. Алдағы уақытта білім ордасы осы қалпынан таймай, білім деңгейін өсіріп, одан да зор жетістіктерге жетіп, биіктен көрінетіні шүбәсіз. Баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, түлектерге ақ жол, сәт сапар тілеймін! – деді аймақ басшысы. Зияткерлік мектебін биыл 5 сынып бітірді. Алтын ұясымен қоштасқалы тұрған 87 түлектің 14-і «Алтын белгіге», 4-еуі «Үздік аттестатқа» үмітті. 12-сынып оқушылары таңдау пәндері бойынша сыртқы жиынтық бағалау емтихандарын, ағылшын тілі деңгейін анықтайтын IELTS емтиханын тапсырған. Түлектердің тынбай оқуы арқасында жеткен жетістіктері тәнті етерлік: 12-сынып оқушылары Томирис Сағынбай, Сәттіғали Жолдасбай, Азиза Албетова Гонконг Политехникалық университетінің білім грантына ие болса, Мадина Тұрмағанбетова Чжэцзян ғылыми-технологиялық университетінің, Жансая Маратқызы Алматы менеджмент университетінің грант иегерлері атанды. 12 оқушы Елордадағы Назарбаев университетінің іріктеу кезеңінен өтті. Соңғы қоңырау салтанатына жиналған түлектердің жүздері бал-бұл жанған. Жүректері жалын, көздерінде от, көңілдері алып-ұшқан. Оларды Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Ермек Пайзов құттықтап, игі лебізін білдіріп, ақ жол тіледі. Мерекелік шарада 2016-2017 оқу жылдарында ерекше көзге түсіп, жеңіс тұғырынан көрінген оқушылар еленіп, марапатталды. «Жыл оқушысы» аталымынан республикалық олимпиаданың екі дүркін жеңімпазы Томирис Сағынбай, «Жыл жетістігі» аталымынан физика пәнінен желілік олимпиаданың ІІІ-орын иегері Асқар Ғаламаддин жеңіске жетті. «Жас ғалым» оқушылар ұйымының алғашқы президенті, республикалық робототехника олимпиадасының жеңімпазы Есет Сидешев, «Жыл активисі» мектеп өміріндегі жобалар мен акциялардың ұйымдастырушысы, өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі Айя Сартбаева атанды. «Жыл старостасы» аталымы бойынша «Астана» шаңырағының көшбасшылығына елеулі үлес қосқан көшбасшы Әлия Орасай, «Жыл корреспонденті» аталымында мектепте шығарылатын «Жас толқын» журналының бильд-редакторы, тілшісі Аңсаған Галаладин, «Жыл спортшысы» аталымында үстел теннисінен облыстық жарыс жеңімпазы Ақберген Абыз жеңіске жетті. Ал «Жас талант» аталымында республикалық «Мұқағали оқулары» байқауының жеңімпазы, мектепте сахналанған Дулат Исабековтың «Әпке» қойылымының басты рөлін сомдаған Жұмасат Шұғыла, «Жыл жасампазы» аталымында республикалық ЮНЕСКО ұйымдастырған республикалық «Балалар әлемді бейнелейді» байқауының дипломанты Диана Ақуал бас жүлдеге ие болды. Шуақты шара соңында облыс әкімі ғылымға бет бұрған оқушылардың ұсынған жобаларымен танысты. Ондағы жас ғалымдар тың идеялар, ұтымды ұсыныстарды алға тартып, аймақ басшыларын таңғалдырды. Мәселен, оның ішінде «Ақылды тақия» жобасы, археологиялық қазындылар, «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясының сапары, дөрекі сөздер айтуды тоқтату, кіші сынып оқушыларының тәрбиесін жақсарту, мектеп асханасының тазалығын, мектептегі судың үнемділігін арттыру, қоқыс мәселесін шешуді көздеген ойлау дизайны сынды қызықты жобалар көрсетілді. Облыс әкімі жарқын жобаларға көңілі толып, жас өнертапқыштардың жолдарына тосқауыл болмай, қайта қанатына қуат, шабытына шуақ болып, қолдау қажеттігін атап өтті.

                 Ханым ҚУАТ Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

      Шуақты шара соңында облыс әкімі ғылымға бет бұрған оқушылардың ұсынған жобаларымен танысты. Ондағы жас ғалымдар тың идеялар, ұтымды ұсыныстарды алға тартып, аймақ басшыларын таңғалдырды. Мәселен, оның ішінде «Ақылды тақия» жобасы, археологиялық қазындылар, «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясының сапары, дөрекі сөздер айтуды тоқтату, кіші сынып оқушыларының тәрбиесін жақсарту, мектеп асханасының тазалығын, мектептегі судың үнемділігін арттыру, қоқыс мәселесін шешуді көздеген ойлау дизайны сынды қызықты жобалар көрсетілді. Облыс әкімі жарқын жобаларға көңілі толып, жас өнертапқыштардың жолдарына тосқауыл болмай, қайта қанатына қуат, шабытына шуақ болып, қолдау қажеттігін атап өтті.

                 Ханым ҚУАТ

    Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

    4265
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар жастар беті анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Абай бол, құлыным!

    Келесі жаңалық

    Аль-Аттия: Ақтауда болғаныма қуаныштымын! (Спортшылардың фиништегі әсері)

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Келесі жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

      [ 2019 ] 10 желтоқсан, 06:41
      1500

      "Ұранды елдің ұрпағы қайсар" : Әлем чемпионына құрмет

      [ 2019 ] 4 қараша, 10:26
      2249

      Yessenov University «бизнес және құқық» факультетінің декан орынбасары жастармен кездесті

      [ 2019 ] 25 қазан, 13:46
      1798

      Жұлдызы жанған үш спортшыға құрмет көрсетілді

      [ 2019 ] 25 қазан, 09:12
      2112

      Ақтаулықтар самбодан әлем чемпионы Дәурен Төлегеновті қарсы алды

      [ 2019 ] 16 қазан, 07:25
      1460

      "Қыз - ұлт болашағы"

      [ 2019 ] 17 қыркүйек, 12:45
      1623

      Рубрикалар

        ӘдебиетҚызық дерекДенсаулықРедакция газеттеріРедакция ұжымыМәдениетАнықтама бюросыМұнайлы

      Автордың басқа да жазбалары

      Жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті

      [ 2019 ] 3 желтоқсан, 06:39
      2085

      Жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

      [ 2019 ] 26 қараша, 05:57
      1693

      Бейнеу ауданының тұрғындар саны 70 мыңнан асты

      [ 2019 ] 14 қараша, 05:00
      5986

      Жемқорлық түбі – қорлық!

      [ 2019 ] 12 қараша, 09:15
      1763

      Облыс әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді

      [ 2019 ] 11 қараша, 05:38
      2468

      Ақтауда шахматтан турнир өтті

      [ 2019 ] 7 қараша, 09:33
      2284

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»