Ата-аналар әр тоқсан сайын бас қосады
[ 2017 ] 19 мамыр, 09:41 | Жаңалықтар
Жуырда еліміз бойынша алғаш рет жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Басқосуда биылғы білім жүйесіндегі соны өзгерістер-түлектерді қорытынды аттестаттау, ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы сияқты тақырыптар әңгімеге арқау болды.
Жиында сонымен қатар мектеп бітіру іс-шаралары, мектептегі қамқоршылық кеңестің орны, демеушілік және қайырымдылықтар туралы, тегін кәсіптік білім беру, 1-маусымда өтетін жалпыреспубликалық шеру, «Мектебіңе кітап сыйла!» акциясы, басқа да білім процесіне қатысты мәселелер талқыланды.Барлық білім ордаларында бір уақытта өткен басқосу ауданның 12 орта мектебі мен Қызылтөбе лицейінде қамтыды. Бұл басқосуға білім беруді үйлестіруші мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен аудандық, облыстық халық қалаулылары, ауданның Құрметті азаматтары, билік және жұмыспен қамту бөлімдерінің өкілдеріатсалысып, жалпы саны 6 мыңға жуық ата-ана қатысты.
Біз барған №4 мектептегі кездесуде білім бөлімінің басшысы Е.Овезов, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары А.Салманов, Г.Қонысбаева, жұмыспен қамту орталығының маманы Н.Шеркешбаев және ауыл әкімдігінің, мектеп әкімшілігінің өкілдері болды. Білім бөлімінің басшысы Е.Овезов жәнеаталған білім беру ұйымының «Шапағат» қоры төрайымы Ж.Қыдырбаева, әлеуметтік педагог Ш.Абыханова, оқу ісінің меңгерушісі Е.Дайнашов, №4 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кабулова күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндап, қажет ақпараттармен таныстырды. Жұмыспен қамту мекемесінің маманы «Баршаға тегін кәсіптік бағдар» бағдарламасы жайында түсіндірді. Халық қалаулылары кез келген ортада білімі және ойымен оза алатын Мәңгілік ел жастарын тәрбиелеуге қажет алғышарттар туралы әңгімелесе, ата-аналар да сөз алып, өздерін қызықтырған сұрақтарымен бөлісті. Олардың ортаға салған сауалдары түлектерді тестілеуге, тегін кәсіптік білім беруге, мектеп бітірушілердің жұмыспен қамтылуына байланысты болды.
Шахида ЖҰМАН
1688
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.