©
2017 жылдың 1 маусым күні Балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің Республикалық I "Шабыт шеруі" өтеді.
Шараның Маңғыстау облысы бойынша кезеңіне Ақтау қаласының Каспий теңізі жағалауында куә боламыз.
Жас ұрпақтың музыкалық мәдениетін көтеруге, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға бағытталған маңызды жобаның мақсаты – "Мəңгілік Ел" жалпыұлттық идеясын іске асыру.
Бұл - еліміздің барлық білім ұйымдарын бірігуге шақыратын үлкен республикалық акция. Осы ауқымды шараға облыс, қала бойынша мектеп, қосымша, техникалық жəне кәсіптік білім беру ұйымдарынан 3640 студент жастар мен оқушылар қатысады.
Қазіргі таңда жұмыс топтары құрылып, шеруге қажетті мерекелік сəнді костюмдермен, музыкалық аспаптармен (барабан, мажоретка, черлидер т. б) қарқынды дайындықтар жүргізілуде. Шеру қораптарының алдыңғы қатарында əрбір білім беру ұйымының атауы жазылған жалау, таңбасын ұстаған бірнеше адам топ бастап жүреді. Сондай-ақ, колоннаның құрамында вокал, хор, би, креативті əсер мен мерекелік көңіл-күй сыйлайтын мажореткалар, черлидер топтары болады. Маңғыстау облысының барлық тұрғындарын, мектеп оқушылары мен жастарды, сондай-ақ, ерікті топтарды "EXPO 2017 " Халықаралық көрме аясында өтетін І "Шабыт шеруінің" облысымызда жоғары деңгейде сәтті өтуіне белсенділік танытуға шақырамыз!!!