Ақтауда күйеу жігіт пен қалыңдық шеруі өтеді
[ 2017 ] 17 мамыр, 05:07 | Жаңалықтар
Шеруге барлық ниеттілер қатыса алады. Бұл туралы шара ұйымдастырушысы Ксения Белкина хабарлады. -Шараның қатысушылары 4 шағын ауданнан 9А шағын ауданында орналасқан I love Aktau ескерткішіне дейін жүріп өтеді. Ол жерде жұптар флешмоб ұйымдастырады. Жиын 18:00-де басталып, 19:30-да аяқталады деп жоспарлануда, - дейді Ксения Белкина. Еске сала кетейік, мұндай шеру қаламызда 2015 жылы өткен еді. Оған 30 бойжеткен ат салысқан. Шараны ұйымдастырудағы мақсат отбасылық құндылықтарды сақтау, шаңырақтың беріктігін нығайту. Шеруде жиналған қаржы жағдайы төмен отбасыларға берілген еді. Ұйымдастырушылар биыл да жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалатынын жеткізді.
794
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.