Жаяу жүгіруден жарысты (ФОТО)
[ 2017 ] 12 мамыр, 12:50 | Жаңалықтар
Мамыр айының мерекелеріне орай Ауған соғысы ардагерлер қоғамы ұлт саулығын қалыптастыру мақсатында жүгіруден жарыс ұйымдастырды. Марафонға 16 жастан асқан 33 ер, 28 қыз бала қатысты. Жарыс ерлер арасында 3 (3000 м) шақырым, әйелдер арасында 2 (2000 м) шақырым қашықтықта өтті.
- Ауған соғысы ардагерлер қоғамы үнемі жастардың рухын көтеру, оларға бағыт беріп, қоғамға араластыру, сондай-ақ, қайырымдылық акциялары секілді іс-шараларға атсалысып келеді. Бүгін де, аталмыш шараны болашақ ұрпақты салауатты өмір салтын сақтауға дағдыландыру, жеңіл атлетиканы дамыту мақсатында ұйымдастырдық. Қатысушылар қатары қалың емес, бірақ болашақта көбейеді деп сенемін, - деді, Ауған соғысы ардагерлер қоғамының төрағасы Сәтбай Құлсариев.
Сонымен, жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында І орынды Мәдина Теңелбаева, ІІ орынды Олеся Василева, ІІІ орынды Лаура Баймұрат жеңіп алды. Ерлер арасында аталған шақырымды 10 минутта жүгіріп келген Райбек Мәденов І орын, Мақсат Жәумітбаев ІІ орын, Төребек Лепесов ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздар кубок, медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын иегеріне «Бұрғылау» ЖШС-ы атынан сандық теледидар, екінші орынға қалалық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен самаурын, үшінші орынға «Мұнайшы шапағаты» жеке қайырымдылық қорының атынан сурет табысталды.
Жаңаөзен-Ақпарат
1114
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.