Кеше Ақтаудағы "PR" мейрамханасында отандық сән бизнесін өркендетуге үлес қосып жүрген дәстүрлі "Сән мен сахна" республикалық фестиваль-байқауы өтті.
Онда сән әлемінде жарқын жетістіктерге жеткен, отандық нарықта сұранысқа ие шеберлер және осы бизнеске алғашқы қадам жасаған, есімдері әлі халыққа бейтаныс жаңа сәнгерлер туындыларын паш етті. Сән көрсетілімде ұлттық ою-өрнектермен көмкерілген, ерекше нақышпен безендірілген киім үлгілері ұсынылып, сәнқой қауымды тәнті етті. Фестивальге белгілі модельдер, дизайнерлер және өнер, сән саласындағы танымал мамандар қатысты.
Ханым ҚУАТ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="24065,24057,24052,24047,24053"]