Атаулы күнге арналды
[ 2017 ] 28 сәуір, 12:18 | Жаңалықтар
«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесінде 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай, «Туризм Колледжі» және Маңғыстау энергетикалық колледжі студенттері арасында қорық қызметкері Жадыра Аманқызы «Өз өлкеңді танып, біл!» атты танымдық-викторина ұйымдастырды.
Қалада орналасқан ескерткіштердің тарихын, өлкеге белгілі адамдардың өмірбаянымен танысу, түбегіміздің таңғажайып табиғаты жөнінде әңгімелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға колледж студенттері мен мұғалімдері қатысты.
Маңғыстау энергетикалық колледжінің 2-курс студенті Айбек Басыбаев ерекше көзге түсіп, барлық сұрақтарға толық жауап беріп, кеш соңында Мағжан Жұмабаевтің өлеңін оқып, студенттерді бір серпілтті.
Шара соңында ойынға белсенді қатысқан колледж студенттеріне естелік-сыйлық, «Алғыс хат» тапсырылды. Студенттер жаңадан жасақталған «Түбектің таңғажайып табиғаты» жылжымалы көрмесіне қызығушылық танытып, «Маңғыстау ескерткіштері» тұрақты экспозициясымен танысып, топ болып, ескерткіш суретке түсті.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
1044
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.