Ақтаудағы айтыс көрермен көңілінен шықты
[ 2017 ] 27 сәуір, 05:33 | Жаңалықтар
Жыр сүйер қауым үшін сәуірдің соңғы аптасының басты жаңалығы Ақтауда өткен Айтыс болды. Облыстың 14 жас айтыскер ақындары арасында жеребе бойынша топтасқан 7 жұп, ғылыми-әдістемелік үйіне жиналған жұртты аттай 3 сағат жіпсіз байлап, рухани өнерге сусаған көкірегін жыр-бұлағына қандырды. Түпқараған атынан келіп қалдым,
Жарқырап күн шыққандай шұғыладан!...деп топ жарып, айтысқа қатысқан ең жас ақын қарағиялық оқушы Мәдиасқар Маңғыстауда айтыс өнерінің туын ұстаушылар тобын толықтырушы талапкерлердің бар екенін, болашағы зор екенін көрсетті.
- Осыдан 10 жыл бұрын тұсауын кескен «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалі дәстүрлі сипат алып, өзінің шағын жылнамасын қалыптастырып үлгерді. 10 жылдың ішінде көптеген өнерпаздар шықты. Тамара Асар, Бауыржан Ретбаев т.б таланттар осы байқаудан қанаттанып, үлкен сахнаға шықты. Фестиваль аясында бірнеше дарынды ұл-қыздың таудай талабы оңғарылып, мәдениет мекемелердің материалдық-техникалық базаларының нығайтылғаны баршамызға – мерей, қолдау мен қуаныш!
Жыл сайын жаңарған, жетілген үлгіде ұйымдастырылып, өнердің өзімен бірге түрлене дамып келе жатқан облыстық «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалі биыл «Қазақстан - жалғыз ұлы қазақтың!» деген тақырыппен Бейнеу топырағында басталып, барлық аудан, қалаларда өтті.
Өнерпаздар халықтық аспаптарда орындау, эстрадалық музыка, көркемсөз оқу, хореография жанры, классикалық жанр, бейнелеу өнері, фото суретшілер, ең үздік әдіскер, клуб мекемелерінің материалдық-техникалық базасы бойынша өз бақтарын сынады. Ал бүгін, он төрт жас талапкерлеріміз дүбірлі дода, сөз сайысының көрігін қыздыратын болады. Сөз сайысына облыс көлемінде танылып жүрген ақындар мен қатар алғаш рет айтыс табалдырығын аттағалы отырған жас ақындар да бар.
Ақындарға шабыт, қазылар алқасына әділдік тілеймін! Жұлдыздар көбейе берсін!-деді айтыстың беташарында Мәдениет басқармасы басшысы Бекбол Базарбаев.
Жылгелдінің «Құнан нар» әнін құйқылжыта шырқаған республикалық конкурстардың лауреаты, дәстүрлі әнші Темірбек Асқамбаевтан соң, сахнаға 7 жұп ақын шақырылды.
1 жұп - Қанжарұлы Мәдиасқар (Түпқараған ауданы)
Сардар Ердәулет (Ақтау қаласы)
2 жұп - Орынбасаров Азамат (Қарақия ауданы)
Жұмаханов Ербол (Маңғыстау ауданы)
3 жұп - Келімбердиев Бауыржан (Мұнайлы ауданы)
Пайпақов Полатбек (Мұнайлы ауданы)
4 жұп - Түзелов Райымбек (Бейнеу ауданы)
Ботабаев Сәндібек (Жаңаөзен қаласы)
5 жұп Жолмаханбетов Абай (Жаңаөзен қаласы)
Бисембай Ырысбек (Қарақия ауданы)
6 жұп - Нұртай Әбілхайыр (Қарақия ауданы)
Суемов Алшын (Ақтау қаласы)
7 жұп - Қосымбаев Зейнеттолла (Мұнайлы ауданы)
Мұқанғалиев Алшынбек (Бейнеу ауданы)
Айтыс көп көңілінен шықты!
Айтыскерлер қазылар алқасының шешімімен төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
I – орын Жолмаханбетов Абай Жаңаөзен қаласы
IІ – орын Орынбасаров Азамат Қарақия ауданы
II – орын Түзелов Райымбек Бейнеу ауданы
III – орын Ботабаев Райымбек Жаңаөзен қаласы
III – орын Қанжарұлы Мадиасқар Түпқараған ауданы
III – орын Қосымбаев Зейнетолла Мұнайлы ауданы
Ынталандыру:
Санжар Ердәулет Ақтау қаласы
Орынбасаров Азамат Қарақия ауданы
Жұмаханов Ербол Маңғыстау ауданы
Келімбердиев Бауыржан Мұнайлы ауданы
Пайпақов Полатбек Мұнайлы ауданы
Бисембаев Ырысбек Қарақия ауданы
Нұртай Әбілхайыр Қарақия ауданы
Суемов Алшын Ақтау қаласы
Мұқанғалиев Алшынбек бейнеу ауданы
Ескертпе: Мақаланың толық нұсқасын «Маңғыстау» газетінен оқитын боласыздар.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
1530
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.