Мұражай өткен мерекелік шара
[ 2017 ] 27 сәуір, 06:05 | Жаңалықтар
Біздің облысымызда да ынтымағы мен бірлігі жарасқан бірнеше ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр. Маңғыстау өңірінде 21 этномәдени бірлестік пен 50-ге жуық ұлт өкілі мекен етеді. Аймақта қалыптасқан ұлттар достығының арқасында облысымыз өркендеп, дамып келеді. Біздің ең басты құндылығымыз да осы ұлттар арасындағы бірлік пен татулық.
Әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіретін «Дослуг», «Ехпарутюн», «Салават», «Филоксения», «Сакартвело», «Шалом», «Аллаяр жолы», «Ала-Тоо» т.б. көптеген этно-мәдени бірлестіктер жұмыс істейді.
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1 мамыр – Қазақстан Халқының бірлігі күніне орай Маңғыстау облыстық этно-мәдени орталығының қырғыз, корей, украин ұлт өкілдерінің қатысуымен «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Этно-мәдени орталық өкілдері этнографиялық көрме жасақтады. Шараға Мұнайлы ауданының № 11 орта мектебінің 100 оқушысы және Ақтау қаласындағы ҚР бойынша тұңғыш мектепке дейінгі шағын балалар Ассамблеясы бар № 42 «Түймедақ» балабақшасының балдырғандары қатысып, мерекеге арнаған өнер көрсетті.
Шара барысында қонақтар музейде жылда өткізілетін этно-мәдени орталық өкілдерімен өткізілген кездесулерді бейне слайд арқылы тамашалады.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
1014
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.